• Добро пожаловать!

Жанқал Аманкүл Меирханқызы  – ЖШС  «Жоғары "Мейір-Бейс" колледжінің»  директоры
director
Жоғары "Мейір-Бейс" колледжінің жұмысын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің Үздігі, ҚР әлеуметтік қорғау саласының Үздігі, Төлеби ауданының "Құрметті Азаматы", жоғарғы дәрежедегі дәрігер-невролог, медицина ғылымдарының кандидаты Жанқал Аманкүл Меирханқызы басқарады.

1970 жылы Ленгер медициналық училищесін «Үздік диплом» белгісімен аяқтаған, сол сияқты «Үздік диплом» белгісімен 1976 жылы Ақтөбе медициналық институтын бітірген.

2002 жылы Санкт –Петербург қаласында кандидаттық диссертациясын қорғап шықты. Еңбек жолын ОҚО, Ленгер ауданына қарасты Успеновка елді мекенінде фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) меңгерушісі болып бастаған. Институтты аяқтаған соң Гурьев қаласындағы облыстық ауруханасында мамандығы бойынша жүйке -жүйесі дәрігері (невропотолог) болып қызмет атқарды.

1979 - 2006 жылдар аралығында ОҚО бойынша дәрігерлік еңбек сараптау комиссиясының - дәрігер-невропатологы болып жұмыс бастап, .облыстық дәрігерлік еңбекті сарапшы комиссиясының төрайымы - Оңтүстік Қазақстан облысының - Бас сарапшы  және Қазақстан Республикасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жұмыспен қамту әлеуметтік қорғау департаментінің директорының орынбасары жұмыстарын атқарды.

1988 жылы Москва қаласында өткен бірінші Бүкілодақтық дәрігерлер съезіне Қазақстанның сарапшы - дәрігерлерінің атынан қатысты. 

2003 жылы БҰҰ ұйымдастырумен халықаралық Қазақстан, Орта Азия, Тынық Мухит елдері конвенциясы Бангкокта (Тайланд) өткен. «Мүгедектердің құқығы мен талаптарын қорғау» мақсатында Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі жандарды қорғау тақырыбында өзекті мәселені өз баяндамасында көтерді.

2005 жылы ҚР Еңбек және Әлеуметтік қорғау министрлігі атынан (Шанхай ынтымақтастық ұйымы) Пәкістанда өткен Халықаралық конференциясында балалар арасындағы мүгедектік және ана денсаулығына қарасты мәселелерді өз баяндамасында арқау етті.

           Жанқал Аманкул Мейірханқызы 2012 жылдан бастап Леңгер қаласындағы «Мейір-Бейс» медициналық колледжін басқарып келеді. 

2016 жылы колледж Мемлекеттік аттестациядан өтті. 2016 жылдың қорытындысы бойынша Ленгер ««Мейір-Бейс» медициналық колледжін» Республикадағы медициналық колледждер арасында «Үздік колледж» мәртебесіне ие болып, 10 орынға табан тіреді. 2017 және 2018 жылдары Тәуелсіз Ұлттық рейтинг тағайындау Агенттігінің шешімімен ҚР «Ең Үздік медициналық колледждер» арасынан «Мейір Бейс» медициналық колледжі 5 орынға ие болды. 2018 жылы Акредитациядан  ойдағыдай өтті. 2019 жылы Денсаулық сақтау министрлігінің шешімі бойынша Жоғары "Мейір-Бейс" колледжі атағына ие болды.

           Жанқал Аманкул Мейірханқызының 19 ғылыми жұмысының 9-ы халықаралық деңгейде таралған. «Оңтүстік Қазақстандағы медициналық-әлеуметтік сараптама жұмысы мен даму тарихы» атты кітабы жарық көрді.