• Добро пожаловать!

Қазақстан  Республикасының  дене  тәрбиесі  жүйесінің  негіздері

 Дене  тәрбиесі  жүйесінің  мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық, заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік, бағдарлама-нормативтік  және  ұйымдастыру  негіздерінен   көрінеді.

   Әлеуметтік-экономикалық  негіз. Дене  тәрбиесі  жүйесі  қоғамымыздың  басқа әлеуметтік-экономикалық  жүйелерімен, саясатпен, ғылыммен, мәдениетпентығызбайланысты. Бұл  байланыстардың  объективті  негізі – дене  тәрбиесі  жүйесінің қоғамдық өндіріске керектігінде. Жүйе  қоғамды  қөнімшығармаса да сол  ортаға  өндірістік  қатынастардың  иесі – адам  арқылы  әсер  етеді. Ол  адамның  әлеуметтік  жағдайын  қалыптастырып, қоғамдық  қатынастарды  жетілдіреді.

     Заң-құқықтық  негіз. Дене  тәрбиесі  жүйесі  өз жұмысын  бағыттайтын  құқықтық  күші бар, көптеген  нормативтік  актілерге  сүйенеді. Ол  Атазаңымыз  Қазақстан Республикасының Конституциясының 23-бабында нақтылы көрсетілген.

Елімізеге  мендігін  алған  кезеңнен  бер  дене  тәрбиесі мен спортты  дамыту  туралы  көптеген заңдар, қаулылар қабылданды.                                                            

Олар:

  1. ҚазақстанРеспубликасының «Білімтуралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы және өзгерістері мен толықтырулар 2016 жылғы 9сәуір № 501.
  2. Қазақстан Үкіметінің «Дене шынықтыру және спорт» туралы          қаулысы 2014 жылы 3 шілдедегі № 228.
  3. «Дене тәрбиесі мен спортты дамытудың 2014-2016 ж. арналған        Мемлекеттік бағдарламасы.
  4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №1399 06.2014 ж. «Дене тәрбиесінің мемлекеттік бағдарламасы туралы» бұйрығы

Дене  тәрбиесі  жүйесі  ғылыми-әдістемелік  негізде құрылады. Оның барлық теориялық және  іс-тәжірибиелік  жұмыстары  ғылыми  түрде негізделген.

Дене  тәрбиесі  жүйесінің бағдарлама-нормативтік негізіне  жататындар:

  1. Дене тәрбиесінің мемлекеттік  бағдарламасы.
  2. Президенттік сынама.
  3. Мемлекеттік спорттық классификация.

f3  f4  f2  f5