• Добро пожаловать!

Жатақхана

Колледждің жатақханасы 100 орынға және 2 бөлмелі пәтер жанүйялық жатакханаға арналған толығымен жабдықталған, керекті құралдармен құралған.  Жатақханада тәрбие мәселесіне көп көңіл бөлінеді, оны тиімді жағынан қарастыру әрбір біздің ұжымымыздың жауапкершілігінде. Казіргі таңда жастардың талабы жоғары. Жастармен жұмыс істеудің қиыны да қызығы да мол.  Сондықтан олар  тәрбие жұмысын тоқтамай жүргізіп, студенттермен үнемі қарым-қатынаста болуымызды талап етеді.  Жатақханада тәрбие жұмыстың барысында ең алдымен жастардың ой-пікірлеріне  көп коңіл бөлінеді, ұсыныстарын тыңдап, тұжырымдап тиімді әдістерін қолдана отырып, сапалы тәрбие беру біздің жатақханадағы тәрбие жұмысының негізі болып тұр.

obsh0

Студенттерге әрдайым,  жатақхана - өз үйлерің, күтіп ұстаңдар, өмір бойы алғашқы қадамдарың, осы жатақхана естеріңде калады - деп отырамыз. Жатақхананың өз ерекшеліктерімен тәртібі бар, сол тәртіпті сақтау - қатаң талап етіледі.    

Көбінесе жас студенттер жатақханасын жатсынбайды. Аз-кем уақыттың ішінде 1-курстың студенттері де жатақхана өмірін бастан өткерді. Сондықтан, олар бір атаның баласындай осы баспанаға үйреніп қалады. Оқу оқып, медициналық  білім алып жүрген жас толқынның жағдайын әкімшілік әр дайым назарында ұстайды.

Студенттер жатақханада тамақтарын да өздеріжасайды. Сабақтан келісімен, тамақтың қамына кіріседі, өздері керекті тағамдарын әзірлейді. Бұл үшін асханада табиғи газ қарастырылған. Студенттерге  жатақханада сабақтарын дайындауға оқу бөлмесі де қарастырылған. Бұл студенттер үшін таптырмас көмек залы десек болады.

Жатақханада оқу залы, асхана, телезал, ғаламтор бөлмесі бар. Қысқасы, сабақты үздік оқуға жағдай жасалған. Сондықтан жастарға тек білім алу ғана қалады.

obsh1obsh2obsh3