• Добро пожаловать!

Тәрбие жұмысы

Жастарды тәрбиелеу мақсатында, көптеген іс-шаралар атқарылды. Солардың ішінде маңыздылары

t3

 24.10.2015  күні  Елбасының  «Мәңгілік  ел»  идеясы  аясында қазақ  хандығының 550жылдығына  арналған  «Бүгінгі жас ұрпақ     -  Мәңгілік ел тірегі»   тақырыбына Төлеби ауданының құрметті азаматы, мәдениет  қайраткері,  Төлеби  ауданы туралы бірнеше  кітаптардың  авторы Әсет  Кембаевпен кездесу  өткізілді.Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктірген, Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев қазақ халқының тұңғыш Президенті болды. Ол кісінің бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды.Қазақ халқы егемендігін алып, тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен Елбасымыз және  үкімет басындағы елі үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың  еңбегі мен елжандылық  ,ұлтжандылық  қасиетін  бағалау  мақсатында Қазақстандықтар  желтоқсанның 1-жұлдызында алғашқы   президент  күнін  атап  өту  жыл  сайынғы дәстүрге айналуда. Колледжімізде 

16.11.15 күні  «Тұңғыш  Президент» және «Тәуелсіздік»  күніне арналған іс-шаралар «Тәуелсіз Қазақстан   және Елбасы» тақырыбында колледждің  кітапханасында   арнайы  бұрыш  жасаудан  басталды.            18.11.15 күні «Елін  сүйген, елі сүйген – Елбасы»тақырыбында Мб02-14қ15жқ  тобымен Г.З.Балғабаеваның өткен ашық  тәрбие сағатында еліміздің тұңғыш  Президенті  өмірдерегі  және Н.Ә.Назарбаевтың  басшылығымен Қазақстанда қүрделі   әлеуметтік, экономикалық және саяси  реформалардың жүзеге асырылғаны  жөнінде  мәлімет  беріліп,  сонымен бірге  Қазақстанның  жаңа  елордасы Астананы салуға басшылық  жасағаны,оны Еуразиядағыең әдемі  қалалардың  біріне айналдырғаны туралы студенттерге ой  тастады.«Жалпы  білімділік» әдістемелік бірлестігінде  жоғары  санатты -2, бірінші санатты-1, екінші санатты -2,  санаты  жоқ  оқытушылар-3.  Жоғары және бірінші   санатты оқытушылар -38%  құрайды.  Бірлестіктегі   жас мамандарға тәжірибелі  ұстаздардан тәлімгерлер бекітілді.

23.11.15 күні  Тәуелсіз  Қазақстанның   24 жылдығы  құрметіне колледж  психология пәні оқытушысы  М.А.Таласованың  басшылығымен   колледж студенттері арасында  сурет байқауы өтті.

11.15 күні  колледждің  студенттік кеңесінің ұйымдастыруымен «Патриоттық әндер»  байқауы  өткізіліп, «Үздік  колледж әншісі» номинациясын 4-курс  студенті  Айдаров Шыңғыс иеленсе,  сонымен қатар Н.Приметова,О.Айдарбеков  сынды  студенттер орындаған  әндер көп  көңілінен шығып, студенттерді елін-жерін сүюге шақырып, ұлтжандылыққа тәрбиеледі.

27.11.15 күні орыс  тілі  және әдебиеті пәні оқытушысы К.А.Шатырдың  жетекшілігімен Ф-02-12қ  тобының студенті Көмек Ботакөз  Дарханқызы облыстық деңгейде Жаңа технологиялар  колледжінде  өткізілген  ғылыми  студенттік конференцияға қатысып, марапатталып қайтты.   

30.11.15  күні Төлеби аудан әкімдігінің аппарат  басшысы С.Бекмұрзаевтың  басшылығымен, Жастар  орталығы КММ  директоры Қ.Қыпшақовтың жетекшілігімен ауданның білім  мекемелерін  қамтыған,Леңгер қаласының «Тәуелсіздік»  саябағының  аумағында  «Қазақ хандығының 550жылдығына»,  қазақтың  жазба  әдебиетінің негізін  салушы ақын Абай Құнанбаевтың 170жылдығына, Ұлы Отан  соғысының 70 жылдығы,Конституциясының 20 жылдығы, Қазақстан  халықтары Ассамблеясының 20  жылдығына  арналған   «Мәңгілік  ел»  Жастар  форумы өтіп, колледж студенттері  «Мәңгілік ел» идеясы тақырыбындағы биге 100%  қатысты.  Форум  барысында колледж студенті, «Сұңқар»  ғылыми қоғамның белсенді мүшесі Әбдрәсіл Мұқтар аудандық  «Жылдың жас ғалымы»  номинациясын  иеленіп,аудан  әкімінің марапатына ие болды.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылына арналған Флеш-моб ұйымдастырып,колледждің І, ІІ, ІІІ курс студенттері  белсене ат салысты. Колледж жастары осы іс-шарадан ерекше әсер алды. Елімізде білімді, білікті мамандар дайындаумен қатар, отансүйгіш, еліне адал, өз елінің қамын ойлайтын саналы ұрпақ тәрбиелеу біздің колледждің  басты  мақсаттарының бірі

25-30.01.16 аралығында   колледждің оқытушы ұжымы түгелімен «Өрлеу» арқылы білімдерін  жетілдіру  курсынан өтті.   

03.02.16  күні  Төлеби аудандық мұражайында, Кеңес  әскерлерінің  Ауғанстаннан шығарылғанының 27 жылдығына орай  «Ауғанстан- жүректегі жара»атты тақырыптағы іс-шараға колледждің студенттері қатысып,ауданның ауған  соғысы   ардагерлерімен сұхбаттасып, пікіралмасты.                

09.02.16 күні Аудандық ішкі саясат бөлімінің  «Жастар орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен аудандық  «Саябақтары» МКҚМ-де аудан жастары арасында  «Жайдарман»КТК сайысының1/2финалдық  ойындарына  колледждің «Болашақ  фельдшерлер» тобы  қатысып, колледж  намысын қорғапфиналдық  ойынға, шықты.Олар  «Емдеу  ісі»  бөлімі фельдшер тобы  студенттері - Б.Мамадияр, Қ.Төлеген,  Ә.Дабылов, М.Бақтыбай  және О. Айдарбековтер .

13-16.03.16 аралығында Облыстық білім басқармасы Жастар ұйымдарын тарта отырып және оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелерін енгізе отыра , колледжде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі 2016жылға  арналған жұмыс жоспарының 2тармағында көрсетілгеніндейколледжде ватсап желісіне қосылған 8708584572 номерін көрсете сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу  бойынша стенд  орналастырылды.

16.03.16.күні   Қазақ  халқының  ауыз  әдебиетінің  қөрнекті өкілі, айтыскер ақын, жыршы әрі  батыр  Мәделіқожа Жүсіпқожаұлының  200 жылдығына орай Төлеби  аудандық  мұражайы МКҚК-де   «Халықтың мұңын  шаққан Мәделіқожа»  атты тақырыбында өткізілген  әдеби-тарихи кешке колледждің   қоғамдық  пәндер оқытушысы Е.П.Бердибековтың  басшылығымен Мб-01-15қ тобы студенттері қатысып, рухани  байлықтарын  арттырып  қайтты. Тәрбие жұмыстары тек қана колледж ұжыимы емес Төлеби ауданы  әкімінің және аудандық «Жастар ресурстық орталығы»КММ-нің басшысы Қ.Қыпшақов пен бірлесе жүргізіледі.

20.03.16 күні «Ұлыстың ұлы күні- Наурыз» мерекесіне  орай ауданда үлкен іс-шара өткізілді, оған колледж студенттері белседі қатысып көпшіліктін батасын алды.

t5            t7            t6

t8           t9