• Добро пожаловать!

Құрметті Ата-Аналар!

Ата-ананың мамандық таңдауға дұрыс ықпал ету маңыздылығы

Көк  жүзіне  алаулы,
Міндет емес ай болу.
 Ең бастысы  қалаулы,
               Кәсібіңе  сай болу! - демекшы

«Есейгенде кім болғың келеді?» – бұл үлкендер өз балаларына қоятын ең танымал сұрақ. Бірақ, бұл сұраққа бала дұрыс жауап бере алады ма?     Адамның жақсы, өмірлік табысқа жетуіне әсер ететін ең бір маңызды шешімдердің бірі кәсіби болашағың дұрыс таңдау болып табылады.Адам асқақ  арманға, биік мақсатқа ұмтылады.

         Мамандық таңдауда көбінесе ата-ананың ықпалы зор. Мамандық  таңдау -адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі.

         Әр мамандық өзінше тартымды, өзінше ерекше, қажетті болып саналады. Бірақ сол мамандықтардың ішінен жастардың өзіне сай мамандықты  дұрыс  таңдауына  ықпал  ететін отбасы мен мектеп мамандары да өздерінің ақыл-кеңесін ортаға салып, балаларды дұрыс бағыттап, тура жолға салып жіберсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда"- деп бекер айтпаса керек. 

Мамандық таңдау-әркімнің өз жүрек қалауы.  Жүрек қалауымен таңдалған мамандық биік шыңдарға жетелері анық.

Мамандық таңдауға әсер ететін факторлар:
1)    Ата-ананың қалауы бойынша;
2)    Досымен бірге мамандық таңдау;
3)    «Қайда алса сонда барам» қағидасы;
4)    Табысы жоғары жұмыс;
5)    Оқудың немесе жұмыстың беделді болуы.

Дұрыс таңдау жасау үшін келесі факторларды ескеру керек:
1 фактор – «Мен қалаймын» - бала қандай мамандықты қалайтынын анықтау, өмір бойы осы іспен айналысуға дайындығын сұрау, өзінің бойындағы қабілеттерін бағалауға көмектесу.

2 фактор – «Қолымнан келеді» - баланы таңдаған мамандықтың талаптарымен таныстыру. Мектепте алған білімін, білігін және өзінің қабілетін, бейімділігін айқындауға көмектесіп, таңдаған мамандықта оларды қалай қолдануға болатыны жайлы әңгімелеу.

3 фактор -  «Қажет» - бүгінгі күнде ол мамандықтың сұранысы қаншалықты қажет екенін анықтау керек.

Сондықтан да балаларымыздың мамандық таңдаудан жаңылмай, болашақта өз жұмысынан бақыт тауып, қоғамымыздың бір кірпіші болып, дұрыс қалануларына тілектеспін.

Егерде ойланып  «Жоғары "Мейір-Бейс" колледжіне»  келетін болсаңыз:

Біз сіздерды құшақ жая қарсы аламыз!