Ленгер «Мейір-Бейс» медициналық колледжінің сапа менеджменті жүйесі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» келісімшартына сәйкес колледжді сертификациялауға әзірлеу, енгізу және даярлау жұмысын өткізді. Жұмыс барысында колледж қызметіне талдау жасалып, сертификациялауды әзірлеу, енгізу және даярлау жұмысы жобасын ойдағыдай іске асыру үшін ұсыныстар берілді. ҚР СТ ИСО 9001-2009 стандартының талаптарына сәйкес медициналық колледждің сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) құжаттамасын әзірлеу кестесі және жұмыс жоспары құрылды.
Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің Мемлекеттік тізіміне тіркелген 2018 жылы 15 тамыз № №KZ.7500831.07.03.00244 Ленгер «Мейір-Бейс» медициналық колледжі ЖШС, Қазақстан Республикасы, ОҚО, Төлеби ауданы, Леңгер қаласы, Қонаев көшесі 2 үйге берілген және ЖҮІЕ САПА МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ білім беру саласына қатысты ҚР СТ ИСО 9001-2009 (ISO 9001-2008) «САПА МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ЖҮЙЕЛЕРІ ТАЛАПТАР» талаптарына сәйкес екендігі туралы қорытынды шығарылып АҚ ОҚФ – СРО МЖ Оңтүстік Қазақстан облысы, KZ.16.0318 Қ CC №0046795 СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫ 3 жылға берілді.