«Барымен бөліс» қайырымдылық акциясы
Біздің колледждің «Жүректен жүрекке» еріктілер тобы Төлеби ауданы Ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырған «Барымен бөліс» қайырымдылық акциясына белсенді қатысты!
Еріктілеріміз көмекке мұқтаж жалғызбасты қарттарға барып, үй шаруасындағы жұмыстарға жәрдемдесті. Бұл – жастарымыздың жанашырлығы мен мейірімділігінің жарқын көрінісі!

“Спорт – денсаулықтың символы” атты волейбол жарысы өтті
“Мейір-Бейс” жоғары колледжінің өзін-өзі басқару ұйымы және “Жастар ресурстық орталығы” КММ - сі бірлесе ұйымдастыруымен 1-4 курс студенттері арасында ”Спорт – достықтың символы” атты дәстүрлі волейбол жарысы өтті. Бұл сайыс жас ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануын насихаттап, студенттер арасындағы ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
Жарысқа ұлдар және қыздар командалары қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Әр команда жеңіске деген жігерімен, шапшаңдығымен және бірлескен ойын тактикасымен ерекшеленді. Жанкүйерлер командаларды қолдап, залда ерекше спорттық атмосфера орнады.
Тартысты өткен финалдық ойындар нәтижесінде үздік командалар анықталды. Жеңімпаздар дипломдармен және арнайы марапаттармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жарыстар болашақта да жалғасып, студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
Бұл шара денсаулықты нығайтып қана қоймай, студенттердің бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік берді. Волейбол – командалық рух пен ұйымшылдықты дамытатын спорт, сондықтан колледжімізде мұндай жарыстардың жиі өткізілуі қуантады.

Заң мен тәртіп: колледжде Мурат Асанұлы Камаловпен кездесу өтті
Бүгін колледжімізде «Заң мен тәртіп» тақырыбында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілі Камалов Мурат Асанұлы қатысып, студенттермен құқықтық мәдениет, заң талаптарын сақтау және қоғамдық тәртіпті нығайту мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында жастар арасында жиі кездесетін құқықбұзушылық түрлері, олардың алдын алу жолдары мен жауапкершілік туралы айтылды. Сондай-ақ, студенттер көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты құқықтық кеңестер алды.
Талқылау барысында қоғамда өзекті болып отырған боулинг мәселесі де көтерілді. Мурат Асанұлы бұл мәселенің заңдық қырларын түсіндіріп, студенттерге өз құқықтарын қорғау жолдарын айтып өтті.

Болашақ медицина мамандары тәжірибеде!
Біздің колледж студенттері алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйренуде. Суретте асқазанды шаю процесі көрсетілген – бұл улану жағдайында маңызды процедуралардың бірі. Осындай практикалық сабақтар студенттерімізге теориялық білімдерін нақты өмірде қолдануға көмектеседі.
