• Добро пожаловать!

ЖШС «Жоғары "МЕЙІР-БЕЙС" колледжі»  студенттернің  Ғылыми-зерттеу жұмыстары 

            Колледждің «Сұңқар» ғылыми қоғамы 2013-2014 оқу жылы медицина ғылымдараның кандидаты,

колледж директоры Жанқал А.М. қолдауымен құрылды

Ғылым мен техника ұшқан құстан дамыған қазіргі заманда бәсекеге қабілетті жас ұрпақ тәрбиелеу ұстаздар қауымының басты міндеті. Колледжде білім беру процессіне студенттердің рухани зияткерлік және шығармашылық дағдысын дамыту мен қолдауға, шығаруға бағытталған дамыту формаларын және оқыту әдістерін енгізу арқылы, көптеген ұстаздар студенттермен бірлесе шығармашылық іздену барысында, ғылыми жоба жұмысымен айналысып, жас ғалымдар санын арттыруда. Бұл жетістік студенттер арасында, дарынды ғылыми ізденісі мен шығармашылық, қабілеттілігін дамытуға тиімді жағдайды үнемі жоғары дәрежеде жасалуының нәтижесі екендігіне көзіміз жетті.

3

      1  14
      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың   «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде,   бір болашақ» жолдауындағы мақсат еліміздің болашағы - жастар қолында екендігін назарға ала отыра колледжде биология пәні   оқытушысы А.М.Тубагабилованың жетекшілігімен колледждің дарынды студенттерін шығармашылыққа, ғылыми ізденіске баули отыра. Жастарды ғылымға жетелеу және Қазақстанның ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуына үлес қосатын, еліміздің болашағы – білімді ұрпақ, білікті маман тәрбиелеу   мақсатында  «Сұңқар» ғылыми қоғамы ұйымдастырылды. Бұл ғылыми қоғамның   мақсаты - шығармашыл, ізденімпаз, идеяшыл дарынды   жастарды іріктеу және олардың ғылымға, ғылыми зерттеу жұмыстарына ынтасын қалыптастырып, қызығушылығын дамыту, кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыруға жол ашу.

2013 оқу жылының 7-ақпан күні «Сұңқар» қоғамының тұсау кесер бастамасы «Біз - Қазақстан болашағымыз» атты ғылыми конференциясымен ашылды,   іс-шараға Астана қаласындағы Ауыл шаруашылығы Университетінің жас ғалым-ұстазы Рауза Елібаева мен аудандық «Төлеби туы» газетінің бөлім меңгерушісі Дина Ханкелді қатысып отырды.

Колледж директоры, медицина ғылымының кандидаты, жоғары дәрежелі дәрігер-невропатолог, Жанқал Аманкүл Мейірханқызы   жас ғалымдарға   сәттілік тілеп, конференцияны ашып берді. Конференцияда 13 секция бағыты бойынша 20 студент   жетекшілерімен бірге жасаған ізденіс жұмыстары туралы   толық мәлімет беріп, ғылыми жобалар өз бағыттары бойынша сараланып, әр секция жұмысы колледждің өнерлі жастарының ән-биімен ұштасып жатты. Ғылыми жобалар өз бағыттары бойынша сараланып, жеңімпаздар марапатталып, үздіктерден генетика саласы бойынша Әбдірәсіл Мұқтар мен Сәбит Азамат, тарих саласы бойынша Дидар Сиргебаева, информатика саласы бойынша Азиза Байжанованың жобалары облысқа ұсынылса, Кәдір Гүлзейнеттің «Төлеби ауданының медицина саласында   және ауыл шаруашылығынды иондық сәулені қолдану тәсілдері» атты ғылыми жобасы Түркістан қаласындағы медициналық колледждің ұйымдастыруымен «Оn-line» жүйесінде өткізілген республикалық ғылыми жобалар байқауына ұсынылды.

Бұл байқау «Біздің өміріміздегі бейбіт атом» тақырыбында «Оn-line» жүйесінде өтіп, оған шет елден және өз елімізден ұсынылған жобалар: 47-мемлекеттік, 27 -жекеменшік колледждерден ғылыми жұмыстар түскен.  Соның   ішінен ІІ курс студенті Кәдір Гүлзейнеттің жұмысы мазмұнының құндылығымен,зерттеу жұмысының жүйелілігімен ерекшеленіп, халықаралық, республикалық ғылыми жинақ кітабына еніп, жетекшісімен бірге дипломмен марапатталды. Нәтижесі аудандық, облыстық баспасөз беттерінде жарияланды.

Алғашқыда «Сұңқар»қоғамының құрамына «Фельдшер», «Акушер», «Мейірбике ісі», «Фармацевт» мамандығының І-ІІ курс оқушыларынан 13 секция бағытына 20 студент   қамтылды.

 Жалпы білімділік әдістемелік бірлестігінің апталығы барысында жаратылыстану бағыты бойынша «Сұңқар» қоғамының мүшелерінің ұйымдастыруымен «жасыл ел» бағдарламасы аясында «Ғылым әлемінде» атты кеш   ұйымдастырылып, І курс студенттері Сұлтан Бибінұр – «Экологиялық   апаттардың зардаптарын   болдырмау», Иманбек Жасмина – «Қазақстанның қазіргі экологиялық, Дөненбаева Әсем - «Айранды биотехникалық әдістің көмегімен өңдеу, сақтау» тақырыптарына өздерінің шығармашылық   жұмыстарын ұсынды. Кеш барысында «Сұңқар» қоғамындағы   дарынды жастардың өздері ұйымдастырған «Жігер» ән-би ансамблі өз өнерлерін көрсетті.

«Сұңқар» ғылыми қоғамы мүшелерінің ізденіс жұмыстары 2014 жылда жалғасын тапты, 20-желтоқсанында өткен, I-халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциясында, «Ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелері» атты тақырыбында, өзекті мәселелерді үздік баяндағаны үшін студенттері мадақтамамен марапатталып,

«Сұңқар» ғылыми қоғамы мүшелерінің ғылыми ізденістері I-халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциясының ғылыми жұмыстар жинағына енгізілді. «Сұңқар» ғылыми қоғамы жетекшісі А.М.Тубагабилова «Генетика саласы бойынша авторлық қосымша нұсқаның құндылығы мен ерекшелігі үшін» атты мадақтамамен марапатталып және Төлеби ауданының орта мектептерінің жаратылыстану бағытындағы биология пәнінің мұғалімдеріне «Генетика» тақырыбында авторлық қосымша нұсқаулығы (есептер жинағы    6   11  10  12  13