Кітапхана
Колледж кітапханасы негізгі құрылымдық бөлімшелердің бірі, оқу, анықтамалар, көркем ғылыми әдебиет, мерзімдік басылымдар, ақпараттық материалдармен оқу-тәрбиелеу үрдісін қамсыздандырады, ол рухани, зияткерлік және мәдени білім тарату орталығы болып саналады.
Кітапхана өз қызметінде Қазақстан республикасының Конституциясы, "Білім туралы" заң және басқа да нормативтік құжаттарды пайдаланады. Кітапхана қоры тек қана құрылтайшылардың есебінен толықтырылады, барлық кітаптар сатып алынады.
Білім беретін оқу бағдарламаларын және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттың қалыпты талабын орындалуын қамсыздандыру үшін колледждің кітапханасы мамандандырылған оқу-құралқорына ие. Бұл құралдар студенттермен оқытушылардың жан-жақты оқу ақпараттық қажеттілігіне пайдаланады. Қор, оқулықтардан да басқа қосымша әдебиеттер мен қамтамасыз етілген: мерзімді заңнамалар актінің жинақтары, құқықтық нормативтік құжаттар, КР кодексі, энциклопедиялық және анықтама басылымдары, ғылыми– көркемәдебиеттері және басқа басылымдар.
Біртұтас кітапхана қорының құралымы колледждің саласына, оқу жоспарларына, кәсіби білім беру бағдарламаларына және оқырманның ақпараттық қажеттіліктерімен жүзеге асады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес, студенттердің негізгі кажеттілігін ескере отырып мерзімдік басылымдармен оқу құралдар, нормативтер, оқу және оқу әдістемелік әдебиеттер мен камтамасыз етілді Кітапхана қоры әрдайым керекті кітаптар мен оқулықтарға толтырылып отырады. Негізгі кітаптар, оқулықтар еліміздің кітап сататын кітапханаларынан сатылып алынады, кейде институттардан сатып алынады. Оқулықтар Алматы қаласы «Білім», Астана қ. «Фолиант», Шымкент қ. ОҚМФА баспаханаларынан алынады, ГЭОТАР - Медиа (Москва), «Фенинкс» Ростов на Дону қ. «Академия» г.Тверь т.б. бұл қордың сапасын арттыруға ықпал етеді.