Асхана
ЖШС «Жоғары Мейір-Бейс колледжінде» бөлек орналасқан асханасы бар.
Асхана құрамында: дайындық және жуатын ас үйімен, құрғақ азық-түлікке арналған қойма тоңазытқышымен және жеміс жидек сақтайтын бөлмесі бар. Ыдыс жуатын, тамақ дайындайтын, ас тарататын және асханасы бар бөлмесі бөлек-бөлек орналасқан.
Асханалық бөлімдер заман талабына сай жаңа технологқиялық екі газ плитасы, екі механикалық түтін сорғыш, асхана гарнитуры, микроволнды пеші, жеміс – жидекке, азық - түлікке арналған жеке дара үстелдермен жабдықталған, ағаштан жасалған түрлі пышақтармен және тақтайлар арнайы маркировкасымен, балыққа арналған арнайы үстел, етке, нанға, қамыр жаюға арналған, аспалы шкаф, ыдысқа арналған шкафтар, кастрөлдер, шәйнек, шаугым, ыдыстар, қасық аяқ және басқа асханалық бұйымдар.
Ас үй ыдысын жууға арналған, арнайы жуатын 2 ванна, ыстық және мұздай сумен жабдықталған. Колледжге әкелінген азық түліктер сапасы мен кепілдігін дәлелдейтін сертификаты алынады. Шикі өнімдер және дайын өнімдер жеке сақталады «ЖШС Ленгір дезинфекциясы» деротизация, дезинфекция, дезинсекциямен тазалықты қамтамасыз етеді.
Асхана бөлімі СаНПин талаптарларына сай орналасқан. Ас мәзірі өсіп жетіліп келе жатқан ағзаға ақуыз бен бай дәрумендерден құралған. Күнделікті дайын өнімнен тәуліктік үлгі алынады. Медициналық қызметкерлердің қадағалауымен ас үлгісі алынып тексеріліп отырады. Дайын тағам оқұшыларға ас үлгісінен кейін беріледі және тағамның дәм тұзы, сапасы, арнайы бракераж журналына жазылады.