• Добро пожаловать!

 

ОҚУ  БӨЛІМІНІҢ  НЕГІЗГІ  МІНДЕТТЕРІ:

  • ҚР МББС талаптарына  сай колледж түлектерінің  білім сапасын  үздіксіз  жетілдіру 
  • Сабақ кестесін нормативті  талаптар  аясында  және денсаулықты сақтау  технологияларын  сақтай  отырып  оңтайлы  жасау.

Негізгі  міндеттерді  жүзеге асыру ұжымдық  және жеке тұлғалық  жұмыстар  арқылы жүзеге асырылады:

  • Білім беру  жүйесіндегі мәселелер педагогикалық, әдістемелік және әкімшілік кеңестерде  талқыланып  оң  шешімін  тауып отырады.
  • Әкімшілік-басқару құрамының дербес топ  жетекшілерінің, әдістемелік бірлестік және    пәндік  әдістемелік комиссиялар  жұмыстарына    қатысуы.

Оқу құжаттары мен оқу-есептік  құжаттардың сапалы және кестеге сай орындалуын жүйелі  түрде  бақылау жүзеге асырылады.

  • Колледжішілік бақылау өткізу материалдары, емтихан материалдары, оқу пәндерінен күнтізбелік-тақырыптық  жоспарларды  қайта жасау немесе жаңғырту жұмысы  үйлестіріледі;
  • Құжаттарды жүргізу және білім беру  процесін ұйымдастыруісін  оңтайландыру туралы ұсыныстар енгізіледі;
  • Аралық және қорытынды аттестациялау,факултативтер мен кеңес беру  кестелері мен сабақ  кестесі уақтылы құрастырылады;
  • Денсаулығы жарамсыз оқытушылар сабағын уақтылы ауыстыру және оның  орнына жүретін оқытушыны есепке алу  жұмысы  өз кезінде жүзеге  асырылады;
  • Студенттердің біліктілігіне, білім сапасына мониторинг жасалып, білім  беру  сапасына талдау жасалады;
  • Студенттердің академиялық  қарыздарын  уақтылы өтеуі  бақыланады;
  • Оқытушылардың педжүктемесінің  орындалуы қадағаланады;

Оқу-жұмыс жоспарларының, оқу  процесінің кестесінің нормативті   құжаттарға сәйкестігі:

         Оқу-жұмыс жоспарлары негізінде  және оқу  процесінің графигі   негізінде апталық  сабақ  кестесі  жасалады. Апталық  сабақ  кестесі  негізінде оқытушылар мен студенттердің педагогикалық  жүктемелері   семестрлік сабақ  кестесіне бірқалыпты енгізілуі қадағаланады.Оқу-жұмыс жоспарын  және оқу  процесі графигін орындау үшін  штаттағы  және  штаттан тыс оқытушылардың жылдық  педагогикалық  жүктемесі  кешенді жылдық жоспар негізінен  анықталады.

          Оқытушылардың  жүктемесі алдын ала маусым  айында қарастырылып, тамыз  айында  үйлестіріліп, тарификациялық  комиссия  отырысында анықталып,  оқытушылардың жылдық  педагогикалық  жүктемесі  туралы колледж директоры  бұйрық  шығарады.

           Колледж оқытушылары тарификация  бойынша  оқу  жылындағы  педагогикалық  жүктемесімен танысқаны  туралы қол қояды. Әр  оқытушының  жылдық жүктемесі 1260 сағаттан жоғары болмауы шарт.

Пәндік оқу-жұмыс жоспары және оның сапасы:

 Колледж оқытушылары  үлгілік  оқу  бағдарламасы негізінде өздері  жүргізетін  пәндерге жұмыс жоспарларын  жасауда.                          

Жұмыс бағдарламалары білім  беру  стандарты және ҚР министрлігі талаптарына  талабына сай жүйелі түрде  жасалуда.                    

          «Жоғары "Мейір-Бейс" колледжі»  басты мақсат  - жарқын  болашаққа бет  түзеген Тәуелсіз  елімізді  өркениетті елдермен   теңестіретін  білімді де білікті  маман даярлау  арқылы, республикамыздың  денсаулық  сақтау саласында  еңбек ететін орта буын медицина қызметкерлерін дайындау.