• Добро пожаловать!

БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АГЕНТТІГI (БСҚА)

Білім беру ұйымдарын аккредиттеу – білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны арттырудың тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының белгіленген аккредиттеу стандарттарына (талаптарына) сәйкестігін тану рәсімі;

Институционалдық аккредиттеу – білім беру ұйымы сапасының мәлімделген мәртебесіне және аккредиттеу органының белгілеген стандарттарына сәйкестігін аккредиттеу органының бағалау процесі;

Мамандандырылған аккредиттеу - білім беру ұйымы іске асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау;

Ленгер «Мейір-Бейс» медициналық колледжі  институционалдық және

0301000 «Емдеу ісі»,

0302000 «Мейіргер  ісі»,

0306000 “Фармация”

 оқыту бағдарламалары бойынша мамандандырылған  аккредиттеу үрдісінен өтуде.

Аккредиттеу үрдісі үш кезеңмен жүзеге асырылды:

I кезең (алдын- ала жасалған  қадамдар)

  1. Білім беру сапасын қамтамасыздандырудың тәуелсіз қазақстандық  агенттігіне колледждің өтініш беруі (бұдан ары-БСҚТҚА).
  2. БСҚТҚА мен колледж арасында екіжақты  шарттың жасалуы.
  3. Үйлестірушінің колледжбен танысу және қызметкерлер үшін семинар өткізу мақсатында  алдын-ала келуі.

Оқыту семинары

  1. Басқару комитетінің құрылуы, институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу аясындағы жұмыс топтарының анықталуы.
  2. Өзін-өзі бағалау бойынша есеп  дайындау  жөнінде  әкімшілік мүшелері,  құрылымдық бөлімшелер басшылары, оқытушылар, студенттер, қызметкерлер, жұмыс берушілерге арналған техникалық оқу жұмысының жүзеге асырылуы.
  3. Өзін-өзі бағалау туралы есепке дайындық.
  4. Алғашқы бір күндік аудит.