• Добро пожаловать!

Аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы», «Әлеуметтік-психологиялық  сүйемелдеу қызметі секторының» ұйымдастырумен «Деструктивті  және экстремистік ұйымдардың жақтаушыларының рухани-психологиялық портреттерінің өзгешіліктері»  атты тақырыпта студенттер арасында кездесу ұйымдастырылды. Қазіргі таңда жұмыссыздар, өмірден өз орнын таппағандар, рухани ізденісте жүргендер, жеке басы мен отбасындағы психологиялық қиындықтарға төзе алмағандар, ислам дінін терең білмейтіндер, діни сауаты жоқ адамдар, ағымдардың үгіт-насихаттарына тез ілігеді. Қазақстандық қоғамның өзекті мәселесі - діни экстремизм және радикализм. Онымен күресті тек мемлекет емес, әрбір қазақстандық азамат жүргізуі тиіс. Жастардың санасын қорғау мен дұрыс сауатын ашу қоғамдық жауапкершілікке айналуы тиіс. Зайырлық принципіне негізделе отырып, ЖОО дәстүрлі діндер және діни тәжірибе туралы қосымша оқу курстарын енгізу керек. Қазақстанның өңірлерінде аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық саясатты тиімді жүргізу. Әсіресе, жұмыссыз жастарды оқыту, мемлекеттік бюджет немесе облыс әкімдігінің қаржыландыруымен жастар үшін мақсатты білім гранттарын бөлу қажет. Жастарды діни деструктивті ағымдардан қорғау үшін БАҚ пен әлеуметтік желілердің маңызы зор. Республикалық газеттерде, электрондық ғаламтор баспаларында және телеарналарда деструктивті ағымдар туралы арнайы нұсқаулы ақпараттарды жиі жариялап, жастарға ақпаратты жеткізу жұмыстарын қолға алыну тиіс.

Фотогларея «Мейiр-Бейс» Фотогларея «Мейiр-Бейс»lightbox[settings]Фотогларея «Мейiр-Бейс» Фотогларея «Мейiр-Бейс» Фотогларея «Мейiр-Бейс»lightbox[settings]Фотогларея «Мейiр-Бейс»