ОҚО Төлеби ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ—де (Кәсіпкерлік оқу орталығы) «Кәсіпкерлік негіздері және жастарды баулу» бойынша семинар—тренинг өтті. Іс-шараға аудан аумағындағы білім беру мекемелерінде жастарды кәсіпкерлікке баулу, жұмыссыздықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Семинар барысында қатысушыларға мемлекеттік бағдарламалар, жобалар насихатталып, шетелдік жас кәсіпкерлердің жаңа жобаларынан тәжірибелер ұсынылды.
Сонымен қатар, жастар саясатын дамыту мақсатында ұсыныстар айтылып, ҚР Жастар саясаты туралы заң жобалары мен басқа да маңызды мәселелер кеңінен талқыланды, түрлі сергітерлік тренингтер өткізіліп, түскі үзіліс уақытында семинар-тренингке қатысушыларға кофе-брейк ұйымдастырылды. «Жастарға кәсіптік бағдар» бағытында бизнес-тренингі өткізілді. Іс-шараға
қатысушыларға сертификат таратылды.
Фотогларея «Мейiр-Бейс»lightbox[settings]Фотогларея «Мейiр-Бейс»
Фотогларея «Мейiр-Бейс»lightbox[settings]Фотогларея «Мейiр-Бейс»