• Добро пожаловать!

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығына сәйкес 1 наурызда елімізде Алғыс айту күні атап өтіледі.

Алғыс айту күніне орай 2018 жылғы 1  наурызда «Мейір-Бейс» медициналық колледжінің » Студенттер Кеңесі, оқытушылар мен студенттер арасында іс-шара ұйымдастырды.

Бәрімізге белгілі, бұл мереке XX ғасырдың 30-40 жылдарында Қазақстанға жаппай жер аударылған сан алуан этностардың өкілдеріне қайымдырылық көрсетіп, бауырына басқан қазақ халқына және барлық этностардың бір-біріне Алғыс айту күні ретінде аталып өтіледі.

Алғыс айту күні – біздін ортақ тарихымызды кұрметтеудің белгісі. Бұл әр алуан ұлт өкілдерінің өз Отанына айналған киелі қазақ жері мен кеңпейілді қазақ халқына терең тағзымның белгісі.

Іс–шараның мақсаты – мерекелік көңіл-күй сыйлау, тұрғындардың игілігіне арналған түрлі жобаларды бірлесіп жүзеге асыру үшін, бірлік пен достықты нығайту, әлеуметтік байланыстар орнату және дамыту. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттауға және қоғамда Алғыс айту күнінің маңыздылығын одан әрі нығайту.

Аталмыш іс–шараға колледждің  200-ден астам студенттер мен 20 –жуық оқытушы қатысты.

Фотогларея «Мейiр-Бейс» Фотогларея «Мейiр-Бейс»lightbox[settings]Фотогларея «Мейiр-Бейс» Фотогларея «Мейiр-Бейс» Фотогларея «Мейiр-Бейс»lightbox[settings]Фотогларея «Мейiр-Бейс»