• Добро пожаловать!

20.03.2019 ж Ленгер "Мейр-Бейс"колледжінде "Қош келдің,әз-Наурыз"атты үлкен мерелік іс-шара өтті.Мерекеде барлық топ студенттері дастархан жайып,Қыдыр ата бата берсе,мереке қалалық "Асыл әжелер"алқасынан Есенова Гүлназар Махмудовна бастаған әжелер "Тұсау кесер" "Бесікке салу" сияқты дәстүрлерді көрсеттіп,насихат жұмысын өткізді."Арқан тартысу","Асық ату","Қошқар көтеру" сияқты ұлттық ойындар өте тартымды өтті.Қошқар көтеруден I орынды  III курс студенті Солтыбаев Даурен алды.Мерекеде барлық ұлт өкілдері құттықтау сөздерін айтып,ортаға ән мен биден шашу шашты.Мерекеге қатысқан ардагер ұстаздар жылы лебіздерін білдірді.