• Добро пожаловать!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен биыл «Еріктілер жылы» деп жарияланып, жыл басынан бері еріктілер қызметі айтарлықтай жанданды. Жоғары «Мейір-Бейс»  колледжінде еріктілер клубы құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілді.Жоспарға сәйкес егде жастағы адамдарға және зейнеткерлерге ағаштарды кесу,үй жинау,көкөніс- бақшаларын жинауға, үйлерін әктеп, қоқыстарын тазартуға көмектесті. Қала тұрғындарына  Ковид-19 алдын-ала шаралары туралы түсіндіріп,колледж өз қаражаты есебінен 5000 бетперде сатып алып, оларды әлеуметтік осал топтарға тегін таратты. «Қарттарға құрмет» қайырымдылық акциясы бойынша: пандемия кезінде ерікті студенттер ардагерлер мен жалғыз басты қарттардың үйлеріне барып, қан қысымдарын өлешеп,қажет болған жағдайда дәрігерлерді үйге шақырып, дәрігердің нұсқауы бойынша медициналық қызмет көрсетті.  Колледждің 8   студенті «еріктілер» қатарында жоғары белсенділікпен жұмыс жасағаны үшін   Аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

247d09b9-cddb-4e4c-82a4-0b0699a37f11.jpg       c873a421-c2c0-46bb-bcc3-f9886a94b7aa.jpg