• Добро пожаловать!
kol-640x358-2x-406x233.jpg
 
"Мейір-Бейс" жоғары колледжінде жұмыс берушілер үшін ашық есік күні!
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен 2022 жылғы 15 қараша күні республика бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында өткізілетін «Жұмыс беруші күні» ашық есік күні өтеді. ҚРДСМ - нің Түркістан облысы бойынша өкілдігі, аудандық орталық, және қалалық аурухана бас дәрігерлерін шақырамыз.
 Шараны өткізу мақсаты - кадрларды даярлау сапасын жақсарту, кәсіпорындар мен колледж арасында тиімді қарым-қатынасты орнату.
Қатысушылар өкілдер:
- қамқорлық алған кәсіпорындар (ұйымдар);
- мақсатты кадрларды даярлауға қатысатын кәсіпорындар;
- колледжбен ынтымақтасуды жоспарлап отыратын кәсіпорындар;
- жергілікті атқарушы органдар;
Жұмыс берушілермен кездесу бағдарламасына мынадай іс-шараларды енгізу ұсынылады:
1) жұмыс берушілер үшін колледж бойынша танысу экскурсиясы (оқу кабинеттері, зертханалар, «Жас маман» жобасы бойынша құзыреттілік орталықтары);
2) оқытушылар мен студенттердің жұмыс берушілермен диалог алаңында кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері бойынша кездесулері;
3) кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау үшін қажетті негізгі нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру;
4) «Жұмыс беруші мен жас маманның жұмысқа қабылдау жөніндегі келіссөздері», кәсіпорындармен танысу экскурсиялары өткізу;
5) Жұмыс беруші серіктес мекемелермен бірлесе отырып, білікті маман даярлау сапасын жақсарту мақсатында студенттердің іс тәжірибеден өтуі жайлы келісімшарттармен ұсыныстарты талқылау;
6) Түлектерді жұмысқа алу жолдары мен туындайтын кедергілерді шешу жолдарын талқылау;
7) Меморандумдар мен келісімдерге қол қою;