• Добро пожаловать!
2022 жылдың 26 қарашасында Астана қаласында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы және «Үздік студенттер академиясының» ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” атты Қазақстан халқына арналған жолдауын ҚР жастары арасында кеңінен  насихаттау мақсатында өткізілген “ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ – 2022” атты республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
 
Байқау нәтижесі бойынша " МЕЙІР-БЕЙС " Жоғары колледжінің 4 курс студенті Тұрлыбай Жасұлан Сырлыбайұлы “ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ” төсбелгісі, куәлік және I дәрежелі дипломмен, марапатталды Жеңімпаздарға ҚР тұңғыш Президенті қорынан сыйлық-кітап, үздік жастардың түрлі-түсті электронды кітап-жинағы табысталып, жетекшілерге электронды алғыс хат берілді.
 
WhatsApp Image 2022-12-30 at 16.02.40.jpeg WhatsApp Image 2022-12-30 at 16.02.38.jpeg WhatsApp Image 2022-12-30 at 16.02.39.jpeg