КӨКТЕМ МЕРЕКЕСІМЕН !!!
Бүгін Мейір-Бейс Жоғары колледжінде 8 -наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай "Әлемнің жарығын сыйладың" атты мерекелік кеш өтті. Кеште директор А.М.Жанкал нәзік жанды ұстаздарды мерекелерімен құттықтады. Кешіміз Ф02-22 қ топ студенттері дайындаған мерекелік концертпен жалғасын тапты. Ана барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш. Ана -бар тілегін перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейірбан адам. Аяулы аналар, асыл жанды қызғалдақтай құлпырған қыздар, дендеріңізге саулық, жандарыңызға нәзіктік , адал махаббат иесі болуларыңызға тілектеспіз!!! Мерекелеріңіз құтты болсын!!!