ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ «Мейіргер ісінің үшбірлігі: клиникалық тәжірибе, зерттеу және білім» Астана қаласындағы "Астана Медицина Университетінде" өтілді. Халықаралық конференцияға көптеген елдердің сарапшылары қатысты: Байғожина Зәуре Алпанқызы, Астана медицина университеті Мейіргер ісі мектебінің деканы, Казақстан. Юрате Мацияускене, AccelEd жобасының координаторы, Литва медициналық ғылымдар университеті Медициналық академиясы, Мейіргер ісі факультетінің деканы, Литва. Аурелия Блажявичене, Литва медициналық ғылымдар университеті Медициналық академиясы, Мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі, профессор, Литва. Йоханна Хейккила, аға кеңесші, JAMK қолданбалы ғылымдар университетінің Денсаулық сақтау және әлеуметтік зерттеулер мектебінің доценті, Финляндия. Тора Б. Хафштейнсдоттир, Юлиус орталығының Мейіргерлік ғылым бөлімінің аға зерттеушісі, Утрехт университеті медициналық орталығы, Нидерланды. Негізгі сұрақтар: мейіргер ісінің зерттеу әлеуеті, мейіргер ісіндегі зерттеулер туралы болды.