• Добро пожаловать!
  "Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы" АҚ базасында жас ғалымдар мен студенттердің І Халықаралық Форумы және Х ғылыми конференциясы өтті. Айта кетейік, Х ғылыми конференция соңғы жылдары Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен өтуде. Бұл жолы оның қатысушылары келесі бағыттар бойынша ғылыми баяндамалар ұсынды: "Биотехнология және нанотехнология: болашаққа көзқарас", "медицинадағы инновациялар: теориядан практикаға", "жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың қазіргі экологиялық-гигиеналық және эпидемиологиялық аспектілері", "мейірбике ісін жаңғырту", " табиғи дәрілік заттар және олардың  қолдану" және басқа да көп бағыттар. Форумға ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясы да қолдау көрсетті.Біздің колледжден форумға"Теориялық, биомедицина және биология" секциясы аясында клиникаға дейінгі пәндер оқытушысы Мамадалиева Гульчехра Фахрутдиновна және оның жетекшілігімен 3 курс студенті Тал-оглы Ханым Алиевна қатысты. Аталған секцияның модераторлары: Едігеева Роза Мақашқызы-Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы жас ғалымдар кеңесінің аға үйлестірушісі және Юсупов Бабур Хантурайұлы-медицина магистрі, "Морфофизиология" кафедрасының аға оқытушысы және хатшы Ажибаева-Купенова Дана Тынышбекқызы жұмыстарды тыңдап шешімін шығарған. Клиникаға дейінгі пәндер оқытушысы Мамадалиева Гульчехра Фахрутдиновна өз жұмысын ұсынып, жас ғалым ретінде 2 орын, ал 3 курс студенті Тал-оглы Ханым Алиевна 3 орын алды.Біз әріптесіміз бен студенттеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз және олардың осындай іс-шараларға қатысуы олардың одан әрі кәсіби өсуіне және табысты ғылыми зерттеулеріне ықпал ететініне сенімдіміз.
0f6f92c5-19cb-4af6-b211-a42e2fa402a7.jpg   3b6867f2-5e04-407e-a0e5-a7abb938db33.jpg