Туберкулез – ауа тамшылары арқылы берілетін жұқпалы ауру. Тиісті емі болмаса, туберкулездің белсенді түрімен ауыратын адам жылына орта есеппен 10-15 адамға жұқтыруы мүмкін. Туберкулез жыл сайын мыңдаған адамның өмірін қияды, дегенмен дәрігерге дер кезінде қаралып, тиісті емді қабылдасаңыз, бұл жазылатын ауру.
Қызмет эпидемиологтары колледж студенттерін осы күрделі мәселеден қалыс қалмауға шақырады және жыл сайын флюорографиялық тексеруден өтуді, туберкулезге күдікті белгілер (2-аптадан аса жөтел, тершеңдік, салмақ жоғалту, кеуде қуысындағы ауырсыну, жалпы әлсіздік, тез шаршау, ұзақ уақыт дене қызуының көтерілуі) байқалған жағдайда аурудың асқынуын күтпей, уақытылы дәрігерге қаралуды ұсынады.Өйткені, дер кезінде анықтау, емдеу және кешенді алдын-алу, әрбір науқастың толық сауығуына әсерін тигізеді.