"ЛУДОМАНИЯ - ҚОҒАМ ДЕРТІ"
Аудандық ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен Ленгір қаласына қарасты «Мейір-Бейс» жоғары колледжінде ойын құмарлық, ерте жүктілік, нашақорлықтың алдын алу мақсатында студенттердің қатысуымен профилактикалық кездесу өтті.
Іс - шараға: аудандық полиция бөлімінің полиция капитаны С.Калтаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің инспекторы А.Әлімқұлов және психологы М.Оразбай қатысты.
Колледж студенттері арасында келеңсіз жағдайлардың алдын алу, зорлық - зомбылықтың, бопсалау, буллинг және кибербуллинг жағдайларын анықтау сонымен қатар оқушылардың жүйке жүйесіне кері әсер ететін құралдарды пайдаланудың алдын алу бойынша психолог маманы сауалнамалар жүргізіп, психологиялық оңалту, кеңес беру жұмыстарын өткізді.