«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша медициналық колледж түлектерінің арасында «Үздік мейіргер – 2024» халықаралық байқауы өтті.
Ондағы мақсат – еңбек нарығында түлектердің бәсекеге қабілеттілігі мен кәсіби ұтқырлығын арттыру.
Халықаралық байқауға Қырғыз Республикасы «Бишкек медициналық колледжі», Өзбекстан Республикасы Самарқанд облысының Абу Али ибн Сино атындағы Пахтачи қоғамдық денсаулық сақтау техникумы және Қазақстан Республикасының медициналық және жоғары медициналық колледждерінің өкілдері қатысты.
Жарысты Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Отарбайқызы ашып, қатысушыларға кәсіби шеберліктерін шыңдап, байқауда жеңіске жетулеріне тілектестік білдірді.
Кәсіби сайыс төрт кезеңде өтті: тест-бақылау, таныстыру, тәжірибе аумағы, ситуациялық есептерді шешу. Осы орайда, қазылар алқасының мүшелері жұмыстың өзіне де, медбикенің этикасы мен моральдық принциптеріне де қатысты нақтылайтын сұрақтар қойды, сайыскерлер әрқайсысына нақты жауаптар беріп, өздерін ынталы, ізденімпаз маман иелері ретінде көрсетті.
«Мейір-Бейс» жоғары колледжінен Қуанышбек Ажар қатысты.
Колледж директоры Жанкал А.М- на Алғыс хат, Назиркулова Д.Т,Туртаева З.К,Мамадалиева Г.Ф. Жеңімпазды дайындағаны үшін арнайы сертификатпен марапатталды.
Барлық қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді