• Добро пожаловать!
Қыздар жиналысы ұйымдастырылып өткізілді!
Әрбір елдің қоғамындағы шешуші кілт – қыздарға берілетін тәлім мен тәрбие арқылы өлшенеді. «Қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Бұл қыз баланың айрықша әдепті де, көрікті болатынын аңғартады.
 15.05.2024 ж күні «Мейір-Бейс»Жоғары колледжінде Директордың оқу-ісі жөніндені орынбасары Жанкалова Р.М. директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.А.Бектаев , гуманитария бөлімінің жетекшісі Ж.А.Турибекова ,клиникаға дейінгі пәндер оқытушысы Назиркулова Д.Т.  психолог К.Жанали, оқытушы Баймаханбет фл.Т және Ахпаева Ұ.Л. қатысуымен қыздар жиналысы ұйымдастырылып өткізілді. Жиналыс барысында колледждің ішкі тәртіп ережесі, зиянды заттардың алдын алу, жеке бас гигиенасы, қыз бала тәрбиесі, сабаққа, қоғамдық шараларға қатысуы, сонымен қатар түнгі уақытта кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің көшеде жүруі, кертартпа діни ағымдардың алдын-алу бағытында олармен күрес жұмыстары туралы түсіндіріле отырып, студенттердің көкейкесті ойларын тыңдалды, сұрақтарына жауап берілді.
 
1587ddee-276e-41cb-bcc2-c35f2f31790a.jpg   5edfd442-9a92-4b0e-93e1-efe3f069520b.jpg