• Добро пожаловать!
ӨЗ МӘРТЕБЕҢДІ БІЛ!
 Аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасындағы нашақорлық пен тәуелділік, АИТВ/ЖИТС жұқпалы ауруларының алдын алу мақсатында Ленгір қаласы, Мейір-Бейс жоғары медициналық колледжінде арнайы мамандардың қатысуымен іс-шара өткізілді.
 Іс шараға облыстық АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының бас маманы М.Кенжекүловжәне А.Адамбек, “Жігерлі” және “Шаңырақ” ҚБ басшылары А.Қалмаханқызы және С.Мұратқызы, Төлеби аудандық ауруханасының психиатор, нарколог маманы М.Бортебаев, Төлеби АПБ инспектор маманы Ө.Бөгембай, Ленгер қалалық емханасының психолог маманы А.Ерғалиқызы арнайы келіп, жастарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
  Іс- шара соңында  Қоғамдық бірлестіктердің мамандары жастармен тренинг ойнатып, тақырыпқа сай сұрақ -жауап өтіп, айтылған келеңсіз жағдайларға байланысты жастар өздерін қызықтырған сұраққа жауап алды.
 
a423f4db-0f39-488c-a1ae-310674d80632 (1).jpg  809ccbfc-b5c3-4bd8-a4e8-c18b9667b968.jpg