БАЙРАҒЫМЫЗ КӨК АСПАНДА АСҚАҚ ЖЕЛБІРЕП, ҰЛТТЫҢ РУХЫ ҚАШАНДА БИІК БОЛСЫН!
Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймыз!
Осыған орай, колледжде Республика күні тойланып өткізілді. Іс-шараға колледж ұстаздары мен студенттері қатысты.
Іс-шараны колледж директоры м.ғ.к Жанкал А.М өзінің ізгі ниетңмее ашып берді.
Ән,би,домбырамен ән салынып, ойын ойнатылды.
Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке.
Республика күні - бұл еліміздің мемлекеттілігі жолындағы алғашқы тарихи қадам. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстанның бірінші құқықтық құжаты - Республиканың егемендігі туралы декларацияны қабылдап, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негізін жариялады.
Декларация – еліміздің тәуелсіздік алуына жол ашқан ақжолтай құжат.