«МЕЙІР БЕЙС» КОЛЛЕДЖІ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАЙДЫ
Төлеби ауданы Ленгір қаласында Жаңқал Аманкүл Мейірханқызы өз қаражаты есебінен 2012 жылы «Мейір Бейс» жоғары медицина колледжін іске қосты. Алғашқы оқу жылдары шағын ғимаратта білім берген оқу ордасы жуырда Шаңырақ мөлтек ауданынан бой көтерген еңселі ғимаратқа көшті.
1200 студентке арналған заманауи колледж ғимаратына аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов барып, студенттермен тілдесіп, оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысты. Колледж директоры Аманкүл Мейірханқызымен бірге жаңа ғимаратты аралап көрген аудан басшысы пән кабинеттері, мамандыққа даярлауға қажетті практика кабинеттерінің жасақталуына көңіл бөлді.
Колледжде студенттер білім алумен қатар, шығармашылықтарын шыңдауы үшін талапқа сай акт залы, салауатты өмір салтын ұстануды мақсат еткендерге спорт залы іске қосылып, арнайы спорттық қондырғылар орнатылған.