• Добро пожаловать!
Түркістан облысы Төлеби ауданының білім бөліміне қарасты Жаңажол жалпы білім беретін мектебінде кәсіптік бағдар беру бойынша  Мейр-Бейс жоғары  колледжіне  9-сынып оқушыларын алып барып, мамандық таңдауына көмектесу мақсатында  кездесу ұйымдастырды. 
Негізгі мақсаты: мамандық таңдауда қателеспеу және жауапкершілікті қалыптастыру, мамандық таңдау барысында бағыт-бағдар беріп, психологиялық қолдау көрсету. 
Оқушылар қажетті және маңызды мамандықтар туралы түрлі маңызды мағлұматтар алды. Кездесу барысында оқушылар да көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауап алып,«Мамандық таңдау-адам өміріндегі маңызды қадам» екенін ұғынып, түсіндірме жұмыстарын жүргізген маман иелеріне алғыстарын білдірді!
6dfa1304-2924-407e-b35e-172622b6c9f5.jpg531e8fb4-6da0-4285-a167-76d2e81acf9e.jpg