«Мейір-Бейс» Жоғары колледжінің ұйымшыл 3 курс студенттері…
Сіздерге жаңа жыл туралы кішігірім мәлімет беріп өтсек..
Жаңа жыл қашан пайда болды?
Ғалымдардың айтуынша, Жаңа жылды тойлау шамамен біздің дәуірімізге дейін 3000 жылы алғаш рет Месопотамияда басталған. Көне замандағы адамдар Мадрук құдай зұлымдық пен өлімді жеңді деп санаған. Сол себепті Месопотамия халқы жақсылықтың жамандықты жойғанына қуанып, бірнеше ай бойы тойлайды. Әртүрлі карнавалдар, маскарадтар мен шерулер өткізеді. Мейрам кезінде жұмыс істеуге, жазалауға және сот шешімін шығаруға тыйым салынған.
Уақыт өте келе бұл дәстүрді мысырлықтар мен гректер жалғастырып, содан соң римдіктер мен өзге халықтарға тарай бастайды. Ежелгі Грекияда Жаңа жыл жазғы күн тоқырауы – 22 маусымда тойланып, шарап құдайы – Диониске арналған. Гректердің жыл санауы Олимпиада ойындарынан басталды.
Көне заманда Жаңа жыл қалай тойланды?
Бірнеше ғасыр бойы Көне Мысырда шілде-қыркүйек айларында Ніл өзенінің арнасынан асуы аталып өткен. Осы бір аса маңызды кезең жаңа егін маусымының басталуын білдіретін. Ніл өзені суының киесі бар деп сенетін мысырлықтар Жаңа жылды тойлаған кезде Нілдің “қасиетті суын” құмыраларға құйып алатын болған. Ырым бойынша Нілдің суы ескі-құсқыны шайып жібереді. Сол кезден бастап жаңа жылда ән айтып, би билеу, мерекелік дастархан жайып, бір-біріне сыйлық жасау дәстүрі басталыпты. #МейірБейс