МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНА ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ
Бүгін, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сәдібеков Ұласбек Сәдібекұлы, «AMANAT» партиясы Түркістан облысы филиалының төрағасы Үмбеталиев Алтынсары Дүйсенбекұлы Төлеби ауданына арнайы іс-сапармен келді.
Мәжіліс депутатына ауданның тыныс-тіршілігін аудан әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлы таныстырды.
Халық қалаулысы «Мейір-Бейс» колледжінің жаңа ғимаратына барып, білім ошағының жай-күйіне көңіл бөлді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанкалова Р.М мен сабақ кестесі менеджері Д.Т. Назиркулова колледж ғимаратын таныстырды. #МейірБейс