• Добро пожаловать!

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНА ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

Бүгін, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сәдібеков Ұласбек Сәдібекұлы, «AMANAT» партиясы Түркістан облысы филиалының төрағасы Үмбеталиев Алтынсары Дүйсенбекұлы Төлеби ауданына арнайы іс-сапармен келді.

Мәжіліс депутатына ауданның тыныс-тіршілігін аудан әкімі Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлы таныстырды.

Халық қалаулысы «Мейір-Бейс» колледжінің жаңа ғимаратына барып, білім ошағының жай-күйіне көңіл бөлді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанкалова Р.М мен сабақ кестесі менеджері Д.Т. Назиркулова колледж ғимаратын таныстырды

b3411697-530e-4691-a2c4-aa6a93906096.jpg