• Добро пожаловать!

 

Құрметті әріптестер, оқытушылар, студенттер!

Жаңа ғасырда жаңа мемлекет құрып отырған Қазақстан биыл жиырма алтыншы рет Тәуелсіздік күні мерекесін атап өтпек.Өркениетті даму жолына түскен мемлекетіміз үшін бұл  күн -қасиетті мереке. Тәуелсіздік – барша халқымыз үшін ең қадірлі де баға жетпес құндылық. Біз үшін бұдан асқан бақыт, бұдан қымбат байлық жоқ. Сондықтан оны қадірлеп, қастерлеу әр азаматтың міндеті. Сондықтан, ата-бабаларымыздың сан ғасырлық арманын жүзеге асырған бүгінгі Тәуелсіз ұрпақ - Елбасы анықтап берген «Мәңгілік ел» идеясы төңірегіне жұмылуға тиіс. Халқымыздың бірлік пен ынтымағы тарқамасын.Баршаңызды еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Жиынды колледж студенттері сахналық койылымдар мен бейнефильмдер көрсетті. Тарихта алғаш рет, әлемдік картада 1991 жылдың 19 желтоқсанында Қазақстан Республикасы атты мемлекет пайда болды. 26 жыл бұрын, біз – қазақстандықтар – ұлтымыздың лидері Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен, халық тарихында, шешуші қадам жасадық: жоғарғы құқық пен жариялылық қағидасымен өмір сүретін тәуелсіз мемлекет.  Тәуелсіздіктің әр жылы біз есейіп, өзімізге деген сеніміміз күшейіп, қайраттанамыз. Біз өз тарихымызды жадымызда сақтаймыз, осы тәуелсіздік үшін бабаларымыздың қаншама қиыншылықтардан өткенін бағалаймыз, мемлекетіміздің іргесі қатайып, саясатта теңселмей, аяғынан нық тұрғанына қуаныштымыз.