1 наурыз — елімізде жалпыхалықтық мереке — Алғыс айту күні.
Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылық білдіреді.
Шуақты көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде Қазақстандағы өзге этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңде құшақ жая қарсы алған кеңпейіл де қонақжай қазақ халқына алғыс айтады.
Қазақстан халқы бұл мейрамды алғаш рет 2016 жылдың 14 қаңтарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының құрылған күнін, яғни 1 наурызды Алғыс айту күні етіп жариялады. Міне, осы күннен бастап жыл сайын мереке ретінде өткізіліп келеді.
