• Добро пожаловать!
КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында кәсіби білім беру жүйесін жетілдіру және еңбек нарығына қажетті мамандарды даярлау мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Осы бағытта жастарға дұрыс кәсіби бағдар беру және олардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына көмектесу маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Осы мақсатта «Мейір-Бейс» жоғары колледжінің оқытушылары Төлеби ауданына қарасты  жалпы орта білім беретін мектептеріне барып, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында 9-11 сынып оқушыларына колледжде оқытылатын мамандықтар туралы толық ақпарат беріліп, оқу ғимараттары, материалдық-техникалық базасы және білім алушыларға жасалған жағдайлар таныстырылды. Сонымен қатар, оқуға түсу тәртібі, талаптары мен мүмкіндіктері туралы мәлімет ұсынылды.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандықтар туралы кеңірек ақпарат алды. Кәсіби бағдар беру жұмыстары олардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауда бағыт-бағдар алуға көмектесті. Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
a579cb0d-1458-48c4-9a51-21bfa687da5b.jpg