• Добро пожаловать!
“Спорт – денсаулықтың символы” атты волейбол жарысы өтті
 
“Мейір-Бейс” жоғары колледжінің өзін-өзі басқару ұйымы және “Жастар ресурстық орталығы” КММ - сі бірлесе ұйымдастыруымен 1-4 курс студенттері арасында ”Спорт – достықтың символы” атты дәстүрлі волейбол жарысы өтті. Бұл сайыс жас ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануын насихаттап, студенттер арасындағы ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
 
Жарысқа ұлдар және қыздар командалары қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Әр команда жеңіске деген жігерімен, шапшаңдығымен және бірлескен ойын тактикасымен ерекшеленді. Жанкүйерлер командаларды қолдап, залда ерекше спорттық атмосфера орнады.
 
Тартысты өткен финалдық ойындар нәтижесінде үздік командалар анықталды. Жеңімпаздар дипломдармен және арнайы марапаттармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жарыстар болашақта да жалғасып, студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
 
Бұл шара денсаулықты нығайтып қана қоймай, студенттердің бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік берді. Волейбол – командалық рух пен ұйымшылдықты дамытатын спорт, сондықтан колледжімізде мұндай жарыстардың жиі өткізілуі қуантады.
eb331c98-faaa-47ac-bb71-8ce1b1373d60.jpg