Ауданның мәдениет сарайында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы талқылау жиыны өтті. Бұл шараға мемлекеттік органдардың басшылары, аудандық құрылымдардың өкілдері, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар, білім және денсаулық сақтау салаларының өкілдері қатысты. Ленгір «Мейір-Бейс»медициналық колледжінің белсенді студенттері де қатысты. Еліміздегі рухани жаңғырудың тұжырымдамалық бағдары министрден бастап, қатардағы қарапайым азамат түсінетін, баршаға ұғынықты, бай әрі ықшам тілмен жеткізілгендігн дәлелдеп берді.
lightbox[settings]"Мейір-Бейс" фото галереясы lightbox[settings]"Мейір-Бейс" фото галереясы
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасы аясында өлкенің рухани тарихын тануға арналған жастардың экскурсиясы
«Көз ата аулиесінің» шырақшысының айтуы бойынша көптеген науқастар мұнда келіп Алладан дерттеріне шипа, отбасыларына бақыт тілеп, көзі көрмейтін адамдар осы жер қасиетімен, суымен және бір Алла Тағаланың мейірімімен көздері көріп кетеді екен.
Мб01-15 тобы және топ жетекшісі Елеусова Ализа Қалмаханқызы
lightbox[settings]"Мейір-Бейс" фото галереясы lightbox[settings]"Мейір-Бейс" фото галереясы
Ақбура бабамыз ХІІ ғасырда өмір сүрген, яғни Қ.А. Иасауидің заманында өмір сүріп, оның шәкірті болған, дін таратқан, дін жолындағы пенде болған деседі. Ақбура бабамыздың азан шақырып қойған аты – Ақберген, бірақ жүрген жерінде «зікір» салып, ол уақытта аузынан ақ көбігі ағып, ақ жалын шашып, адам баласы естіп-білмеген алапат күшке ие болып кететін болған, екі езуінен аққан көпірік екі иығын, омырауын жауып жібереді екен және ол үнемі ақ бураның үстінен түспейтінімен танымал, сондықтанда ел арасында «Ақ бура» атанып кеткен. Ақбура әулиенің киелілігі сол, таң намазының 2 рәккәтін осы бұлақтың басында оқиды екен де, ал артынан оқылатын екі рәкәт намазды жамағатпен оқимын деп Түркістанға барып Қожа Ахмет Иасауимен бірге оқыған екен. Сол намазға үлгеру үшін үстінен ақ көбігі ағып, ентелеп жеткенде алдынан Иасауи шығып: – Ой, айналайын Ақбурам, келдің бе? – дейді екен. Ал жұма намазды Меккеде оқыған дейді.
Ф01-14к,15жк тобы мен топ тәлімгері Тунгишбаев М.А
lightbox[settings]"Мейір-Бейс" фото галереясы lightbox[settings]"Мейір-Бейс" фото галереясы
Ақмешіт әулие үңгірі – Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданында орналасқан. Әктасты жыныстар қабатында пайда болған ойық жарқаба,қ үңгір ұзындығы 254, ені 65, биіктігі 25 м. Жарқабақ саңылауларынан мезгіл-мезгіл су тамып тұрады. Ішінен қарағанда ернеуі киіз үйдің шаңырағы секілді көрінеді. Ел арасында, бір кездері онда бір әулие әулетімен киіз үй тігіп, сатымен шығып-түсіп жүрген деген де аңыз айтылады. Үңгірге перзент көрмеген кейбір ерлі-зайыптылар, ауру адамдар әлі күнге дейін түнеп, мінәжат етеді.
Ф02-14о-15жо, Мб03-14о-15жо тобы мен топ тәлімгері Жанқалова Р.М
lightbox[settings]"Мейір-Бейс" фото галереясы lightbox[settings]"Мейір-Бейс" фото галереясы
Қазығұрттың басында кеме қалған... Осынау ұзыннан созылған дастан Қазығұрттың бар атағын асқақтатып тұрғандай-ақ! Аңыз бойынша дүниені топан су басып, тартылар тұста бір таудың басына қайырлайды.Нұх кемесі тоқтаған тау - Қазығұрт. Ия, армян халқы Арарат тауына қайырылған деп есептейді. Дегенмен біздің де аңыз жай айтылмаса керек. Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамасы да жасырын емес. Басқа тауға емес дәл осы Қазығұрттың басына қайырылуында да мән бар. Өйткені Қазығұрт басқа тау сілемдерімен жалғаспай, өз алдына жеке орналасқан.Кеменің, Нұх пайғамбардың, оның қасындағы адамдардың Қазығұртта тұрақтауы жайлы да дәйектемелер бар
Ф02-15о.16жо, Мб02-15о.16жо тобы мен топ тәлімгері Тансыкова А.П
lightbox[settings]"Мейір-Бейс" фото галереясы lightbox[settings]"Мейір-Бейс" фото галереясы
Қошқар Ата кесенесі – ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылының маңында орналасқан шағын, бір бөлмелі күмбезді құрылыс. Ғимараттың аласалау шығыңқы бөлігіне сұпы қойылған. Ішкі жағы қос кірпішті қалау арқылы жасалған желкен тәрізденген қуыстармен безендірілген. Кейінгі уақытта Қошқар Ата кесенесі мен басқа ғимараттарды біртұтас композицияға айналдыру мақсатында жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Мб01-16қ тобы Топ тәлімгері Шалбаева А.Б
lightbox[settings]"Мейір-Бейс" фото галереясы lightbox[settings]"Мейір-Бейс" фото галереясы
Яссауи шешесі Қарашаш ананың шын есімі – Айша бибі. Ол текті адам, Сайрамдағы танымал Мұса шейхының қызы болған. ХI ғасырда бұл өңірде ғылым, мәдениет және өнер қарқынды дамыды. Қарашаш өз уақытының ең білімді, сауатты және көрегенді әйелдерінің бірі болды. Байлығына қарамастан оны мақтан тұтпайтын және менменшіл болған емес. Ол барлық науқастар мен мұқтаж адамдарына қол ұшын беруге тырысты. Аңыздар бойынша Қарашаш сырқатты емдеп, түс жори алатын. Осының арқасында ол өңірдегі тұрғындар арасында кең танымалдыққа ие болды. Қарашаш бала тәрбиесіне көп көңіл бөлді, адамдар санасында ол аналықтың биік арманына айналды.
Ак01-17жқ тобы мен топ тәлімгері Мусаметова З.Р
lightbox[settings]"Мейір-Бейс" фото галереясы lightbox[settings]"Мейір-Бейс" фото галереясы
Ибраһим ата – атақты сопы Қожа Ахмет Яссауидің әкесі, діни көсем, әрі осы өңірлерге танымал уағызшы болған. XI ғасырда Сайрам ислам дінін тарату ошағы болды. Мұнда көптеген діни ұстаздар мен ғалымдар тұрды. Ибраһим ата текті отбасынан шыққан, табысты жер өңдеуші болды. Халық арасында оның әулиелігі мен уағызшы қабілеті жайлы аңыздар тараған. Ибраһим ата мұқтаж адамдарға көмектесіп, тақуалық өмір сүрді және мыңдаған ізбасарларға ислам дінін уағыздады.
Ф03-17о тобы мен топ тәлімгері Барахбаева А.Б
lightbox[settings]"Мейір-Бейс" фото галереясы lightbox[settings]"Мейір-Бейс" фото галереясы
Қасқасу шатқалы. Оңтүстік өңірі табиғаты шын мәнінде ерекше қайталанбас дүние. Таудан аққан бұлақ сыңғыры, жемісін көтере алмай тербеліп тұрған алма ағаштары, жайқалған хош иісті гүлдер қаладан мезі болған қауымға таптырмас демалыс орны. Қасқасу шатқалы - Оңтүстік Қазақстан облысының ең әсем жерлерінің бірі. Төле би ауданында, теңіз деңгейінен 1900 м. биіктікте орналасқан. Шымбұлақтың 5-ін өзіне сидыра алатын әлеуеті бар.
Жануарлар әлемі де әртүрлілігімен ерекшеленеді. Сүқоректілердің 59 түрі, құстардың 300-ге жуығы тіркелген.Аю, қасқыр, жабайы шошқа, тау ешкісін жолықтыруға болады.Өте абай, адамдардан үнемі жырақ жүруге тырысатын қар барысы(ілбіс) тау-тастың арасын мекен еткен.
Фм01-16жо Ф03-16о-17жо топ жетекшісі Шаброва Т.А Ивашкова Ю.А
lightbox[settings]"Мейір-Бейс" фото галереясы lightbox[settings]"Мейір-Бейс" фото галереясы
«Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 24 наурызындағы №83 қаулысының негізінде құрылған. Саябақты құруға облыстық бюджеттен 650-700 млн. теңгедей қаражат бөлінді. Жалпы көлемі 117 гектар.
Қазақстан бойынша екі дендросаябағы бар олар: Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан. Шымкент қаласындағы дендросаябақ - ең алғашқы саябақ. Ол 1979 жылы орталық қоқыс үйіндісінен тұрғызылған болатын. Ағаштар саны-500 мың-нан астам. Шөптесін өсімдіктер саны-1млн.360 мың.
Шымкент дендросаябағының флорасы мен фаунасы
Шымкент дендрология саябағы жер шарының түпкір-түпкірінен жинақталған ағаштарға бай. Көктерек, балқарағай, самырсын және магнолия ағаштарының көшеті егіліп, түрлі 584 өсімдік өсірілуде және де Солтүстік Американың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Мексика Штатынан әкелінген "қасқыр жидегі" ағашы өсуде. Дендрологиялық саябақтың аумағы фаунамен байытылды. 20 тиін, 4 елік пен теңбіл бұғы, 10 тауыс құсы орын салып, аумағы өңдеуден өткен көлге аққу, қаз, үйрек сияқты құстардың 22 данасы мен 20 мың дәумаңдай балық жіберілді.
Фм01-17жо тобы мен Топ жетекшісі Николаенко Л.А
lightbox[settings]"Мейір-Бейс" фото галереясы lightbox[settings]"Мейір-Бейс" фото галереясы