Жүректерді жырға бөлейтін, жастық шақтың жалынына бүгін тағы бір мерекенің отын лаулатып , сіздермен бірге бастап отырмыз. Бүгін "Мейір-Бейс " Жоғары колледжінің жаңа ғимаратында салтанатты түрде "Халат кию рәсімі" өтілді.Бүгін шындығында сіздер үшінде, біздер үшінде ұлы мейрам. Сіздер бүгін қол ұстасып студенттік өмірді бастауға жол ашып отырсыздар.
Ғылым болып даналықпен көктерсің
Оқысан сен адалдыққа жетерсің.
Шырақ болып қалғың келсе өмірде.
Лаулап , лаулап биіктерге жетерсің.
#МейрБейс #колледж #ленгер #шымкент


«Адамның адамшылдығы-жақсы ұстаз» деп Абай атамыз айтқандай,алдына келген шәкіртін тұлға ретінде қалыптастыруда өз ісінің хас шебері колледж директоры м.ғ.к. жоғары дәрежелі невропатолог, дәрігер Жанкал Аманкүл Мейірханқызына ата-аналардың шынайы алғысы!
«Мейір-Бейс» Жоғары колледжі «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша сертификаттау курсын өткізетінін хабарлаймыз.
✅10.09.2024 жылы күні 25 түлек, «Емдеу ісі(фельдшер),«Акушерлік іс» мамандығы бойынша «Мейіргер ісі» (Жалпы тәжірибедегі мейіргер» мамандығын алып шықты.
✅БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ – бұрын алған кәсіптік білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге, сондай-ақ негізгі мамандық ішінде жаңа (қосымша) құзыреттерді игеруге мүмкіндік беретін қосымша білім беру нысаны;
– Біліктілікті арттыру циклдарында оқу ұзақтығы: 2 кредиттен (60 сағат) 9 кредитке (270 сағат)дейін.
Біліктілікті арттыру аяқталғаннан кейін:
белгіленген нысан бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік беріледі;
Байланыс нөмері: +7 (775) 479-44-59


«Мейір-Бейс» Жоғары колледжінде қонақта Ленгер қаласының құрметті азаматы-Бекмурзаев С.Д. және Қансейітов Қ.А- Аманат партиясының мүшесі келіп, колледждің жаңа ғимаратымен танысты. 4 қабатты колледж ғимаратын директор,м.ғ.к. Жанкал А.М. таныстырды.
✅ Қонақтарымыз студенттерге құттықтау сөздерін айтып, оқу жылына сәттілік тіледі және батасын берді. Студенттеріміз алғысын айтып, шығарып салды.


Ардагер ұстаздарымыз!
1 қыркүйек - Білім күні құтты болсын! Сіздерді ең жарқын мереке - Білім күнімен құттықтаймыз!
Бірінші қыркүйек әрдайым керемет мереке және білімнің, жаңа ашылулардың, жетістіктер мен жеңістердің, достармен және дана тәлімгерлермен, тәрбиешілермен кездесудің және қызықты әлемге саяхаттың басталу күні. Бұл күн бәріміз үшін маңызды, ол үлкенге де, кішіге де бірдей қымбат. Өйткені, адам өмірінде қандай биіктерге жетсе де, бұл білім арқасында. Президентіміз Қ.Тоқаев атап өткендей, цифрлық дәуірдегі жаңа білім мен дағдылар жаңа буынның болашақ табысының кілті болып табылады.
Бұл күні ерекше алғыс пен ризашылық сөздері балаларға барлық уақыттары мен күштерін, білімдерін, жылы лебіздері мен шын жүректен жылулықтарын беретін ұстаздарымызға айтқымыз келеді. Көп жағдайда еліміздің болашағы мұғалімдерге байланысты.
Жаңа оқу жылы барлығыңыз үшін сәтті және қуанышты болсын!
