«Ұстаз-2024» орденімен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанкалова Рахима және бөлім меңгерушісі Шаброва Татьяна Алексеевна марапатталды!
«Мейіргер ісінің үшбірлігі: клиникалық тәжірибе, зерттеу және білім» Астана қаласындағы "Астана Медицина Университетінде" өткізілген
Халықаралық конференцияға қатысқаны үшін Назиркулова Далила Талипжанқызы және Мамадалиева Гульчехра Фахрутдиновна марапатталды
Фармакологиялық олимпиадаға студентті дайындап, үздік нәтиже көрсеткені үшін Максутова ГУльнур Довзятовна мен фармакология пәні оқытушысы Журимбаева Сарбикамал Дамировна марапатталды.
4 курс бітіруші түлектері Астана қаласы «Ұлттық тәуелсіз тестілеу орталығы» (НЦНЭ) ұсынған соңғы мемлекеттік емтиханның 2-ші бөлімі(2-этап) бойынша медициналық станцияларды тапсырды.
-Коммуникативті дағдылар
-Иньекция орындау
-Жараны бастапқы өңдеу
-Жүрек -өкпе реанимациясы
-Анафилактикалық шок бойынша манипуляциларды орындап, алгоритім бойынша тапсырды.
Ардагер ұстаздарымыз!
1 қыркүйек - Білім күні құтты болсын! Сіздерді ең жарқын мереке - Білім күнімен құттықтаймыз!
Бірінші қыркүйек әрдайым керемет мереке және білімнің, жаңа ашылулардың, жетістіктер мен жеңістердің, достармен және дана тәлімгерлермен, тәрбиешілермен кездесудің және қызықты әлемге саяхаттың басталу күні. Бұл күн бәріміз үшін маңызды, ол үлкенге де, кішіге де бірдей қымбат. Өйткені, адам өмірінде қандай биіктерге жетсе де, бұл білім арқасында. Президентіміз Қ.Тоқаев атап өткендей, цифрлық дәуірдегі жаңа білім мен дағдылар жаңа буынның болашақ табысының кілті болып табылады.
Бұл күні ерекше алғыс пен ризашылық сөздері балаларға барлық уақыттары мен күштерін, білімдерін, жылы лебіздері мен шын жүректен жылулықтарын беретін ұстаздарымызға айтқымыз келеді. Көп жағдайда еліміздің болашағы мұғалімдерге байланысты.
Жаңа оқу жылы барлығыңыз үшін сәтті және қуанышты болсын!
01140700 - «Информатика» мамандығы, 4S01140701 - «Бастауыш жене негізгі орта білім берудің информатика мұғалімі», 01140600 - «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы, 4S01140602 - «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі », 01140100 - «Бастауьш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтары бойынша «Мейір-Бейс» жоғары колледжінің 4 курс, педагогика бағытындағы студенттері курстық жұмыстарын қорғады.
-Информатиканы оқытудың жалпы әдістемесі.
-Развития психологии ребенка
-Развитие функциональной грамотности на уроках русского языка
-Новые технологии Амоношвили и её эффективность.
-М.Жанпейісованын модульдік технологиясын
пайдалану арқылы окушылардың танымдық
қызметін ұйымдастыру тақырыптары бойынша дипломдық жұмыстарын қорғап шықты.
ӨЗ МӘРТЕБЕҢДІ БІЛ!
Аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасындағы нашақорлық пен тәуелділік, АИТВ/ЖИТС жұқпалы ауруларының алдын алу мақсатында Ленгір қаласы, Мейір-Бейс жоғары медициналық колледжінде арнайы мамандардың қатысуымен іс-шара өткізілді.
Іс шараға облыстық АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының бас маманы М.Кенжекүловжәне А.Адамбек, “Жігерлі” және “Шаңырақ” ҚБ басшылары А.Қалмаханқызы және С.Мұратқызы, Төлеби аудандық ауруханасының психиатор, нарколог маманы М.Бортебаев, Төлеби АПБ инспектор маманы Ө.Бөгембай, Ленгер қалалық емханасының психолог маманы А.Ерғалиқызы арнайы келіп, жастарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс- шара соңында Қоғамдық бірлестіктердің мамандары жастармен тренинг ойнатып, тақырыпқа сай сұрақ -жауап өтіп, айтылған келеңсіз жағдайларға байланысты жастар өздерін қызықтырған сұраққа жауап алды.