• Добро пожаловать!
     
           «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБА АВТОРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Сержан Дауылбайұлы  «Мейір-Бейс» колледжінің студенттерін қабылдап, «Үздік ғылыми жоба авторы» атты байқаудың жеңімпаздары мен ұстаздарына аудан әкімінің «Алғыс хатын» табыс етті. Салтанатты басқосуда колледж директоры Аманкүл Мейірханқызы білім ордасының тыныс-тіршілігі, жетістіктері жөнінде әңгімеледі. Аудан әкімінің орынбасары С.Дүйсебаев студенттермен еркін форматта әңгімелесіп, олардың білім, өнер саласындағы жеңісімен құттықтады.
Марапатқа ие болған колледж студенттері:4-курс студенті: Бектаев Е, жетекшісі Туртаева З.Қ.. Ғылыми - жобаның тақырыбы: «Короновирус: болашақ, медицина қызметкерлерін кіші психотерапиялық жолмен инабаттылыққа рухани тәрбиелеу» 4-курс студенті: Лесбай С, жетекшісі Тубагабилова А.М. Ғылыми - жобаның тақырыбы: «Ұлу жәндігінің бауырынан бөлінген сұйықтығынан косметика жасау»2-курс студенті: Төрехан Ұ., жетекшісі Молдатаева Р. Ғылыми -жобаның тақырыбы: «Тұрар Рысқұловтың Сталинге хат». 2-курс студенті: Тұрлыбай Ж, жетекшісі Шалбаева А. Ғылыми -жобаның тақырыбы: «Ұлы ақын Абайдың қара сөздері». Байқау қатысушылар «Үздік ғылыми жоба авторы» атты республикалық түрлі-түсті кітап жинағына, «Үздік жас ғалым» атты төсбелгісіне, куәлігіне және I дәрежелі республикалық дипломға ие болды.
    11.jpg   10.jpg    14.jpg
 
 
                        12.jpg    13.jpg
 

 

Маусым айының алғашқы күні колледжімізде Түркі әлемінің тұғырылы тұлғасы, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына «Абайдың-ғылымға көзқарасы» атты тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Абайдың өмірі мен шығармашылығының ерекшелігін білуге, қара сөздерінің мәнін, мағанасының студенттердің бойында патриоттық сезім ояту мақсатында жүргізілді. .Биылғы жыл еліміз үшін мерейлі жыл деп сөз бастаған колледж директоры м.ғ.к.Жанқал А.М. бүгінгі іс-шараның маңыздылығына тоқталып, Абай атамыздан жеткен асыл да құнды туындыларын, ақынның ел қамын ойлаған кемеңгер адам болғанын тілге тиек етті.

WhatsApp Image 2021-06-07 at 09.34.08.jpeg    WhatsApp Image 2021-06-07 at 09.34.53.jpeg

2021 ж сәуір айының 9-19 күндері Нұр-Сұлтан каласында  «URKER MITEC» зияткерлік орталығы ұйымдастыруымен  М.В.Ломоносов атындағы ХХІІ турнирдің  Жаратылыстану бағыты бойынша Халықаралық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға  8 пән бойынша  97 "Мейір-Бейс" жоғары колледжінің студенттері қатысып, колледж атына 42I, II, ІІІ дәрежелі  Диплом, оның ішінде Ағылшын тілінен - 14, Әдебиеттен - 12, Биологиядан - 10, т.б. пәндерден дипломдар берілді. Колледжге студенттердің зияткерлік қабілеттерін дамытып, білім жолына деген қызығушылықтарын арттырғанымыз үшін Кубок және Алғыс хат марапаттады, 6 - Алғыс хат студенттерге, жетекшілеріне 12 Алғыс хат берілді. 

WhatsApp Image 2021-05-17 at 15.54.31.jpeg      WhatsApp Image 2021-05-17 at 15.54.11.jpeg

2021 жылдың 14-16 мамыр  күндері   Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәслелері басқармасының ұйымдастырумен Тараз қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік толғауы жастардың жарқын қолдауы»  атты студенттер арасында Республикалық турнир өткізілді. Пікірсайыс турниріне  колледжіміздің білімді,білікті, тапқыр. ұшқыр ойлы, өз ойын жақсы дәлелдей білетін,  студенттеріміз Лесбай С, Назиркулова Д, Тұрлыбай Ж, Рүстем С, қатысып, І дәрежелі Диплом, Кубок, Алғыс хат, сертификаттармен марапатталды.

WhatsApp Image 2021-05-17 at 15.28.25.jpeg   WhatsApp Image 2021-05-17 at 15.28.25 (1).jpeg

    Колледж белсенді студенттерінің ұйымдастытуымен  «Рухани жаңғыру » бағдарламасы аясында жаңарған, түрленген Түркістанды оқу ордамыздың 100-ге жуық студенттері барып қайтты.Сапарымыз әрине карантиндік ережелерді сақтаудан түсіндірме жұмыстарынан басталып, Арыстан баб , Қ.А. Иассауи кесенесіне зиярат етумен және жаңа Түркістанға сән берген «Керуен Сарайы»  көрумен бір демалыс күнін өткізіп қайтты Жастарымыздың ішкі Туризмді қолдайтыны қуантады.. Алдағы уақытта мұндай шараларды көптеп ұйымдастыру жоспарымыз бар.

WhatsApp Image 2021-04-27 at 13.23.57.jpeg  WhatsApp Image 2021-04-27 at 13.24.20.jpeg