«Акушерия және гинекология» пәнінен өткізілген ашық сабақ🌸
Үй тапсырмасы: Жаңа туылған нәрестенің асфикциясы және гипоксиясы
Тақырып:Асфикциядан кейінгі күтім
Студенттеріміз Жаңа туылған нәрестенің асфикциясы және гипоксиясы тәжірибе бойынша көрсетіп берді және Апгар шкаласы бойынша тынысын бағалады.


«Мейіргер ісі негіздері» пәнінен өткізілген ашық сабақтан үзінді.
Мб01-22к.23жк тобы
Тақырыбы: Певзнер ұсынған диеталық столдар.
-Қан қысымын өлшеу алгоритмі
-Науқасты Фаулер қалпына жатқызу
-Науқасты Симс қалпына жатқызу
-Науқастың температурасын өлшеу алгоритмі
-Зимницский және Нечипоренко бойынша зәрді жинау алгоритмі бойынша тақырыптар мен ситуациялық есептер талқыланды.
Ұйымдастырушы:Назиркулова Д.Т.

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.
Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы елімізге құт - береке әкелсін!
Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!


"ЛУДОМАНИЯ - ҚОҒАМ ДЕРТІ"
Аудандық ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен Ленгір қаласына қарасты «Мейір-Бейс» жоғары колледжінде ойын құмарлық, ерте жүктілік, нашақорлықтың алдын алу мақсатында студенттердің қатысуымен профилактикалық кездесу өтті.
Іс - шараға: аудандық полиция бөлімінің полиция капитаны С.Калтаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің инспекторы А.Әлімқұлов және психологы М.Оразбай қатысты.
Колледж студенттері арасында келеңсіз жағдайлардың алдын алу, зорлық - зомбылықтың, бопсалау, буллинг және кибербуллинг жағдайларын анықтау сонымен қатар оқушылардың жүйке жүйесіне кері әсер ететін құралдарды пайдаланудың алдын алу бойынша психолог маманы сауалнамалар жүргізіп, психологиялық оңалту, кеңес беру жұмыстарын өткізді.


Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Төлеби ауданы «Ұйымшыл жалпы орта білім беретін мектебі» оқушылары «Мейір-Бейс»Жоғары колледжінің базасымен танысты. Колледж іші толық таныстырылды. Гуманитария бөлімінің меңгерушісі Турибекова Ж.А. колледждегі мамандықтар жайлы толық түсіндіріп өтсе, Оқу бөлімінің менеджері Назиркулова Д.Т. колледж базасымен таныстырды. Хирургия пәні оқытушысы Баймедетова Г.И. Жарақаттарға алғашқы көмек көрсетуді практикалық тұрғыда көрсетіп шықты.