

Студенттікке арнау, студент қатарына қабылдау күні аталып өтілді. 1 курс студенттеріне ақ халатты 4 курс,яғни бітіруші түлектеріміз кигізді
"Мейір-Бейс " жоғары колледжінде "Шынықсаң-шымыр боларсың" атты спорттық жарыс өткізілді. Жарысқа 1,2,3 курс студенттері қатысты.
Қол күресі
Гір тасын көтеру
Турникке тартылу
Брус
4 тур бойынша студенттеріміз сайысқа түсті. Жеңімпаздар әр курс арасынан анықталды.
7 мамыр-Отан қорғаушылар күні қарсаңында, "Жігіт Сұлтаны-2023" байқауы өткізілді. Байқауға 1 және 2 курс топ студенттері қатысты. Жарыс 5 кезеңнен тұрды.
➖️Бас жүлдені -1 курс студенті Тұрсынбай Абдурахман йеленді
➖️1 орын-1 курс студенті Сәйдіхан Арман
➖️2 орын- 1 курс студенті Лес Нұрсат
➖️3 орынды - Шермаханбет Нұрқыран .
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!
Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық осы орайда Мб01-20к.21 жк топ студенттерінің қатысуымен концерттік бағдарлама қойылды. Ән, би, домбыра тарту және сұрақ жауаптармен өткізілді.