«Короновирус (Pandemic Covid-19): салдары мен жеңудің ықтимал жолдары» тақырыбындағы ҚР медициналық колледж студенттерінің ғылыми-ізденіс конференциясына үздік ізденіс жұмысын ұсынып, жоғары оқу-танымдық қабілеттілік танытқаны үшін Жоғары «Мейір-Бейс» колледжінің студенті Бектаев Ерлан Айнұрлы жетекшісі Туртаева Зинакул Қалиқызы марапатталды
11.12.2020 ж күні колледждің 10 оқытушысы «Германиядағы кәсіби білім беру жүйесі» тақырыбында «Оралдағы неміс дуалды білім беру күндері халықаралық ғылыми-іс-тәжірибелік конференция» өтті. Курс соңында тиісті Сертификаттар берілді.
07-18 желтоқсан 2020 ж аралығында колледждің 10 оқытушысы «Кәсіби техникалық білім берудегі цифрлық технологиялар. Шетелдік іс - тәжірибелер» атты онлайн семинар өтті.Семинар-стажировка онлайн жүйесінде өтіп,оқытушылар шет мемлекеттегі колледждердің оқытушыларының оқыту тәжірибелерімен танысып, оқу барысы өте қызықты өтті. Семинар - стажировка аяқтаған соң Сертификаттар берілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен биыл «Еріктілер жылы» деп жарияланып, жыл басынан бері еріктілер қызметі айтарлықтай жанданды. Жоғары «Мейір-Бейс» колледжінде еріктілер клубы құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілді.Жоспарға сәйкес егде жастағы адамдарға және зейнеткерлерге ағаштарды кесу,үй жинау,көкөніс- бақшаларын жинауға, үйлерін әктеп, қоқыстарын тазартуға көмектесті. Қала тұрғындарына Ковид-19 алдын-ала шаралары туралы түсіндіріп,колледж өз қаражаты есебінен 5000 бетперде сатып алып, оларды әлеуметтік осал топтарға тегін таратты. «Қарттарға құрмет» қайырымдылық акциясы бойынша: пандемия кезінде ерікті студенттер ардагерлер мен жалғыз басты қарттардың үйлеріне барып, қан қысымдарын өлешеп,қажет болған жағдайда дәрігерлерді үйге шақырып, дәрігердің нұсқауы бойынша медициналық қызмет көрсетті. Колледждің 8 студенті «еріктілер» қатарында жоғары белсенділікпен жұмыс жасағаны үшін Аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.