• Добро пожаловать!

14.10.2021 ж Төлеби аудандық діни басқарма ұйымының мүшелері қонақта болды. 1-2 курстардың студенттерінің барлығы қатысып,қазіргі заманның дінге байланысты дерттері айтылып, насихатталды. Өздеріне қажетті сұрақтарды қойып, жауап алды.

WhatsApp Image 2021-10-15 at 10.02.25.jpeg  WhatsApp Image 2021-10-15 at 10.02.24.jpeg  

 

      

Ұстаз деген — бұл ғылымға жетелейтін маман ғана емес, адамды рухани байытатын тұлға. Ұстаздар ерекше азаматтық миссияны орындайды — келер ұрпаққа тәрбие береді.

Сол себепті мереке қарсаңында ұлағатты ұстаздардың жұмысын жеңілдету мақсатында мектептерде студенттердің өзін-өзі басқару күндері өтеді. Жоғары курс студенттері ұстаздардың орнына төменгі курстарға сабақ береді. Ол үшін алдын ала ұстаздардан ақыл-кеңес алады. Ф01-18қ,19 жқ тобы ұйымдастырған концерт өте жоғары деңгейде өтті. Ұстаздар дән риза. Студенттер көрініс құрып, ұстаздарға алғысын, ерекше жеткізді. Соңғы сөзді  Жанқал А.М аяқтады. Барлық ұстаздарды мерекесімен құттықтап, алдағы жұмыстарына  табыс тіледі.

WhatsApp Image 2021-10-05 at 10.08.41.jpeg  WhatsApp Image 2021-10-05 at 10.15.43.jpeg  

Күздің бірінші күні - еліміздің барлық білім беру мекемелерінде оқудың басталғандығының белгісі. Жоғарғы курс студенттерімен бірге бірінші курс студенттері салтанатты жиналыста оқу ордамызбен танысты.  Алдымен құттықтау сөзі колледжіміздің директоры Жанқал А.М- ға берілді. Ол студенттерге оқу ордамыздың қызметі мен жетістіктері, атап айтқанда, ұлттық және халықаралық рейтингтердегі жоғары нәтижелерімізді атап өтті. Сонымен қатар, студенттерге оқуда сәттілік тіледі. Мұндай маңызды күні бірінші курс студенттері білім кілтін алды, сондай-ақ, өмірлерінде алғаш рет колледжде  Әнұран шырқады. Жоғары курс студенттері де бұл күнге немқұрай қарамай, ұмытылмас мерекелік нөмір дайындады: құлаққа жағымды сөздер, шоу, би, ән. Олар қоғам өмірін ашық жарқын етіп көрсетіп, жаңа келген студенттерді қызықтыруға барларын салды.

 WhatsApp Image 2021-10-05 at 10.08.43.jpeg      WhatsApp Image 2021-10-05 at 10.08.38 (1).jpeg

    Бірінші курс студенттері арманындағы жоғары оқу орнына түскеннен кейін нені асыға күтеді? Әрине, дәстүрлі студенттерді қабылдау рәсімін. Кешегі мектеп түлегі жауапкершілігі мен қызығы мол жаңа шаққа – студенттік өмірге қадам басады. Осы жылдың ең жарқын оқиғасын жіберіп алмаңыз! Сіздер үшін біз құпияның шымылдығын ашып, осындай мерекеге орай колледжіміздің  белсенділері ұйымдастырған концерттің түсірілімімен  бөлісуді жөн көрдік. Алғашқы сөз кезегі колледжіміздің директоры Жанқал А.М ға берілді. Бұл кешті ф01-19қ,20 жқ тобы өткізді. Өзінің ерекше әндерімен Тұрлыбай Жасұлан студенттерді қуантты. Барлық студенттерге оқуда озат, білімді болуға тілек білдірдік. 

 

   WhatsApp Image 2021-10-05 at 10.08.45 (1).jpeg   WhatsApp Image 2021-10-05 at 10.08.44.jpeg

     
           «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБА АВТОРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Сержан Дауылбайұлы  «Мейір-Бейс» колледжінің студенттерін қабылдап, «Үздік ғылыми жоба авторы» атты байқаудың жеңімпаздары мен ұстаздарына аудан әкімінің «Алғыс хатын» табыс етті. Салтанатты басқосуда колледж директоры Аманкүл Мейірханқызы білім ордасының тыныс-тіршілігі, жетістіктері жөнінде әңгімеледі. Аудан әкімінің орынбасары С.Дүйсебаев студенттермен еркін форматта әңгімелесіп, олардың білім, өнер саласындағы жеңісімен құттықтады.
Марапатқа ие болған колледж студенттері:4-курс студенті: Бектаев Е, жетекшісі Туртаева З.Қ.. Ғылыми - жобаның тақырыбы: «Короновирус: болашақ, медицина қызметкерлерін кіші психотерапиялық жолмен инабаттылыққа рухани тәрбиелеу» 4-курс студенті: Лесбай С, жетекшісі Тубагабилова А.М. Ғылыми - жобаның тақырыбы: «Ұлу жәндігінің бауырынан бөлінген сұйықтығынан косметика жасау»2-курс студенті: Төрехан Ұ., жетекшісі Молдатаева Р. Ғылыми -жобаның тақырыбы: «Тұрар Рысқұловтың Сталинге хат». 2-курс студенті: Тұрлыбай Ж, жетекшісі Шалбаева А. Ғылыми -жобаның тақырыбы: «Ұлы ақын Абайдың қара сөздері». Байқау қатысушылар «Үздік ғылыми жоба авторы» атты республикалық түрлі-түсті кітап жинағына, «Үздік жас ғалым» атты төсбелгісіне, куәлігіне және I дәрежелі республикалық дипломға ие болды.
    11.jpg   10.jpg    14.jpg
 
 
                        12.jpg    13.jpg