🇰🇿Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді.
15.12.2022 жылы "Тәуелсіздік күніне" орай арнайы іс- шара ұйымдастырылды. Жоғары деңгейде өтілген бұл концертке колледж оқытушылары мен 1.2.3 курс студенттері қатысты.



🎲9.12.2022 ж күні I және IV курс студенттері арасында
"Шахмат" ойындарынан жарыс өткізілді.
Жарысқа барлығы 25 студент қатысып, үздік ойын көрсеткен үздіктер марапатталды.
💬Шахмат – бірегей білім беру құралы. Шахматта ойнау математикалық қабілетті, логиканы, стратегиялық жоспарлау құру дағдыларын, төзімділікті, жауынгерлік қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.
♨️Ұйымдастырушылар: Дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары.



"Мейір-Бейс" жоғары колледжінде жұмыс берушілер үшін ашық есік күні!
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен 2022 жылғы 15 қараша күні республика бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында өткізілетін «Жұмыс беруші күні» ашық есік күні өтеді. ҚРДСМ - нің Түркістан облысы бойынша өкілдігі, аудандық орталық, және қалалық аурухана бас дәрігерлерін шақырамыз.
Шараны өткізу мақсаты - кадрларды даярлау сапасын жақсарту, кәсіпорындар мен колледж арасында тиімді қарым-қатынасты орнату.
Қатысушылар өкілдер:
- қамқорлық алған кәсіпорындар (ұйымдар);
- мақсатты кадрларды даярлауға қатысатын кәсіпорындар;
- колледжбен ынтымақтасуды жоспарлап отыратын кәсіпорындар;
- жергілікті атқарушы органдар;
Жұмыс берушілермен кездесу бағдарламасына мынадай іс-шараларды енгізу ұсынылады:
1) жұмыс берушілер үшін колледж бойынша танысу экскурсиясы (оқу кабинеттері, зертханалар, «Жас маман» жобасы бойынша құзыреттілік орталықтары);
2) оқытушылар мен студенттердің жұмыс берушілермен диалог алаңында кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері бойынша кездесулері;
3) кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау үшін қажетті негізгі нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру;
4) «Жұмыс беруші мен жас маманның жұмысқа қабылдау жөніндегі келіссөздері», кәсіпорындармен танысу экскурсиялары өткізу;
5) Жұмыс беруші серіктес мекемелермен бірлесе отырып, білікті маман даярлау сапасын жақсарту мақсатында студенттердің іс тәжірибеден өтуі жайлы келісімшарттармен ұсыныстарты талқылау;
6) Түлектерді жұмысқа алу жолдары мен туындайтын кедергілерді шешу жолдарын талқылау;
7) Меморандумдар мен келісімдерге қол қою;
Төлеби ауданының 90 - жылдығына орай “Жастар Ресурстық Орталығы” КММ - нің ұйымдастыруымен аудан жастары арасында өткен сайысқа "Мейір-Бейс " “Жайдарман” құрамасы қатысып, келесі сайысқа қатысу мәртебесін иеленді.
,
ВОЛЕЙБОЛДАН КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА АУДАН БІРІНШІЛІГІ ӨТКІЗІЛДІ!!!
Аталған жарысқа «Мейір-Бейс» жоғары колледжі, Түркістан көпсалалы - техникалық колледжі, №8 колледжінің студенттерінен құралған 6 команда қатысты, жалпы 60 жуық спортшылар қатысты.
Тартысты әрі қызықты өткен дүбірлі додада жалпы командалық есепте I орынды Түркістан көпсалалы - техникалық колледжі жеңіп алса, «Мейір-Бейс» жоғары колледжі II орынға тұрақтады. Ал, №8 колледжі III орынды иеленді.
Жарыста марапаттау салтанатын Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Қалықұл Әлиасқар және Түркістан көпсалалы - техникалық колледжінің дене тәрбиесі әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Ережепов Марат жарыс жеңімапаздары мен жүлдегерлерді марапаттады.
#МейрБейс

