Мейр-Бейс "Жоғары колледжінің "Фармация" мамандығының студенттері "Рухани Жаңғыру" аясында "Ғайып ерен-Қырық Шілтен,Ақмешіт үңгірі" не барып, экскурсия жүргізіп қайтты.
Масленица- Қысты шығарып салып, Көктемді қуанышпен қарсы алатын қызықты мейрам. Көктем- табиғаттың оянып, жер бусанып, күннің нұры шуағын шашқан кезі.Соған орай колледжімізде Масленица мерекесі тойланып өтті. Концерт студенттердің және оқытушылардың көңілдерінен шықты. Арнайы тәтті бәліштер пісіріліп, жеңімпаздар анықталды.


3-ші жыл қатарынан "Мейр-Бейс " Жоғары колледжінің "Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры " мамандары колледжді бітіріп шықты. Биыл 18 түлек диплом алып, колледжінің түлектері атанды. Арнайы концерттік бағдарлама қойылып, ән мен би шырқалды. Білім кілті эстафетасы табысталды. Түлектерімізге сәттілік пен ақ жол тілейміз.


