• Добро пожаловать!

«Қош келдің «Әз-Наурыз !»

 Ленгер «Мейір-Бейс» медициналық колледжінің  ауласында  Наурыз  мейрамы  байырғы заманнан келе жатқан «көктемгі жаңару» мерекесі кең көлемде аталып өтті. Колледжімізде Наурыз мейрамы, жылдағы дәстүрге сай жоғарғы деңгейде өтті. ІІІ-курс Ф01-15қ,Ф01-16жқ тобы студенттерінің ұйымдастыруымен  мерекелік бағдарламасы көптің көңілінен шықты.Бұл мейрамда  ұлттық тағамдар пісіріліп, ән айтып, би билеп, әр түрлі концерттік бағдарламалар ұйымдастырды. Іс-шара соңында  топтар арасында ұлттық ойындардан  «Асық ату» , «Ләңгі тебу», «Арқан тартыс»,  «Кір тасын көтеру» жарыстар ұйымдастырылып , жеңімпаздарды марапаттады. Колледж директоры Жанқал А.М  көпшілікті мерекемен құтықтап, колледжіміздің  Институционалды және мамандандырылған аккредитациядан  өтуіне  сүбелі үлес қосқаны үшін оқытушылар мен үздік студенттерді марапаттады.

  

Аудан жастары арасындағы «22 наурыз –Ұлыстың ұлы күні» мерекесіне орай «Көшпенділер ойыны» өтті.

«Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырумен «Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында жастар арасында ұлттық жәдігерлеріміздің  бірі- көшпенділер ойынын кеңінен насихаттау, аудан жастарының  шығармашылық қабілетін дамыту, талантты жастарды табу, таланттарын ашу, қолдау көрсету  арқылы жастарды өнерге баулу.

Жарыстың өткізу шарттары :  «Таныстыру», «Өнер сайысы», «Қазақ халқының ұлттық тағамдары»,  «Асық ату» , «Ләңгі тебу», «Арқан тартыс»,  «Кір тасын көтеру», «Қол күрес», «Қымыз ішу»,  жарыстың жеңімпаздары    І-ші, ІІ- ші, ІІІ-ші дәрежелі дипломдарымын марапатталды. Жарысқа колледжіміздің  7-студенті қатысып, өз өнерлерін жөғары деңгейде көрсетті. Лашкер Әділет кол күрес сайысының  І-орын иегері атанса , командалық есепте  Ленгер  «Мейір-Бейс»   медициналық колледжі  16-команда ішінде  бағалы сыйлықпен марапатталып  ІІ-орын иеленді.

        

Ленгер «Мейір-Бейс» медициналық колледжінің  2018жылдың 15 ақпанында «Масленица» деген –христиан дінінің өте ұлы мерекесі атап өтті . Бұл кешке үлкен үлес қосқан Мб03-15о-16жо Ф02-15о-16жо тобы студенттері . Бұл мереке қыстың соңғы күндерінде аталып өтеді.Масленица ойын, күлкі, тойып тамақ жеу мерекесі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығына сәйкес 1 наурызда елімізде Алғыс айту күні атап өтіледі.

Алғыс айту күніне орай 2018 жылғы 1  наурызда «Мейір-Бейс» медициналық колледжінің » Студенттер Кеңесі, оқытушылар мен студенттер арасында іс-шара ұйымдастырды.

Аудандық   «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырумен Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай, Ленгер қаласында «Ғарыш» кинотеатрында «Ерлік мәңгі есте» акциясы  өтті. Талай шаңырақты шайқалтып, мыңдаған адамды қыршынан қиған, Ауған жеріндегі ұрыс даласына Қазақстаннан  22 мың азамат қатысқан.осыған орай, ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді.