Құрметті «Мейір-Бейс» колледжінің ұстаздары мен студенттері!
Сіздерді көктемнің жарқын мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мереке – жаңа бастамалардың, бірлік пен татулықтың, молшылық пен берекенің символы. Наурыз – өткенді саралап, болашаққа сеніммен қадам басатын ерекше уақыт.
Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылық шабыт және ұстаздық жолдарыңызда толағай табыстар тілеймін!
Наурыз құтты болсын! Қуаныш пен жақсылық әкелсін!

«Педиатриядағы шұғыл көмек» пәнінен қорытынды ашық сабақ ретінде өткізілген сайыс жеңімпаздары анықталды.
📌І-орын -Ф02-21к.22жк тобы, мамандығы-Емдеу ісі
📌ІІ-орын - Мб01-21к.22жк тобы,мамандығы-Мейіргер ісі
📌ІІІ-орын - Ф01-21к.22жк тобы,мамандығы-Емдеу ісі

19.03.2025 жылы күні «Мейір-Бейс» жоғары колледжі директоры А.М.Жанкал және колледж оқытушыларымен бірге кезекті педагогикалық кеңес өткізілді!
Студенттердің сабақ үлгерімі және ішкі тәртіп ережесі туралы мәселелер қозғалды.
Педагогикалық кеңестің жоспары жалпы жұмыс жоспары негізінде жасалып, сол оқу орнының басты, көкейтесті мәселелерін қамтиды

«Педиатриядағы шұғыл көмек» пәнінен қорытынды ашық сабақ өткізілді. 4 курс студенттері арасында , сайыс ретінде өтті.
Педиатрия пәніндегі барлық тақырыптар қамтылды. Студенттеріміз топ бойынша жарысты.
Сайыс 5 кезеңнен тұрды.
Шұғыл жағдайлар кезінде сағат және минут бойынша шұғыл көмек көрсету, уақыттың ана мен бала өміріне маңыздылығы туралы айтылды.

20 наурыз - Дүниежүзілік ауыз қуысының денсаулығын сақтау күніне арналған іс-шараға Дантист тобының 3 және 4 курс топ студенттері атсалысты.
Ленгер қаласындағы 3 және 7ші жалпы орта білім беретін мектептерде бастауыш сынып оқушыларына “Болашаққа - сау тіспен” тақырыбында флешмоб өткізілді.
