КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында кәсіби білім беру жүйесін жетілдіру және еңбек нарығына қажетті мамандарды даярлау мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Осы бағытта жастарға дұрыс кәсіби бағдар беру және олардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына көмектесу маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Осы мақсатта «Мейір-Бейс» жоғары колледжінің оқытушылары Төлеби ауданына қарасты жалпы орта білім беретін мектептеріне барып, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында 9-11 сынып оқушыларына колледжде оқытылатын мамандықтар туралы толық ақпарат беріліп, оқу ғимараттары, материалдық-техникалық базасы және білім алушыларға жасалған жағдайлар таныстырылды. Сонымен қатар, оқуға түсу тәртібі, талаптары мен мүмкіндіктері туралы мәлімет ұсынылды.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандықтар туралы кеңірек ақпарат алды. Кәсіби бағдар беру жұмыстары олардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауда бағыт-бағдар алуға көмектесті. Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Көрісу (Амал мерекесі деп те аталады) — Қазақстанның батыс өңірі мен Ресейдің шекаралас аймақтарындағы қазақтардың арасында сақталған ежелгі дәстүр.
Жаңа жылды Байбақты Қазыбек күнтізбесі бойынша қарсы алатын аймақ тұрғындары 14 наурызды "Көрісу" (яғни қауышу) күні деп те атайды.
Бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем береді.
Көрші-көлем бір-біріне "Жасың құтты болсын!", "Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!" деп тілек айтады.
Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көрші-көлем бір-бірін шеке асына шақырып, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді.

Уважаемые преподаватели высшего колледжа «Мейір-Бейс»!
От всей души поздравляем вас с прекрасным весенним праздником – 8 Марта!
Вы не только даете знания студентам, но и воспитываете в них силу духа, мудрость и стремление к успеху. Ваше терпение, доброта и преданность своему делу – это настоящий пример для всех. Благодаря вашему труду наши студенты получают качественное образование и уверенно смотрят в будущее.
Желаю вам крепкого здоровья, счастья, благополучия и вдохновения! Пусть каждый день приносит радость, улыбки и теплые моменты. Будьте любимы, уважаемы и окружены заботой!

Колледж жеңімпаздары марапатталды.
Asia Education халықаралық даму орталығы өткізген,Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай өткізілген республикалық жарысқа қатысып, 1 курс студенті Папашева Г 3-орынды иеленді.
Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығы өткізген Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған жарысқа 4 курс студенті Лес Н қатысып, алғыс хат иеленді

Төлеби ауданы мәслихат төрағасы Н.Қойбағаровтан колледж директоры, м.ғ.к Жанкал Аманкүл Мейірханқызына арнайы алғыс хаты!
Колледж директорын алғыс хатымен шын жүректен құттықтаймыз!
